Әлеуметтік желіге шолу

Қырғызстан туын өзгерту: азаматтар президенттің Instagram-парақшасына «шабуылдады»

Қырғызстан туын өзгертуге келіспеген азаматтар президент Садыр Жапаровтың Instagram-парақшасында пікір қалдырып, наразылық білдірген.

Қырғызстан тұрғындары мемлекет басшысынан ел туын өзгертпеуін сұрайды. Ел азаматтары президент Садыр Жапаровтың әлеуметтік желідегі соңғы жазбаларының астына мыңдаған пікір қалдырған.

«Туды өзгертуге қарсымын», «Туға тимеңдер», «Туымызды жақсы көремін»

деп жазған қырғызстандықтар.

Kaktus Media мәліметінше, белсенділер Бішкекте туды өзгертуге қарсы автошеру өткізуді жоспарлаған, бірақ елордалық полиция бұған жол бермеген.

Белгілі болғандай, наразылық білдірушілер 7-ықшамаудандағы Аалы Токомбаев көшесіндегі «Глобус» гипермаркетінің маңында жиналды. Полицейлер Октябрь ауданында жаппай жиын өткізуге тыйым салынғанын айтып, көліктерге ілінген туларды алып тастауды талап етті.

Автошеру болмағанмен, бірақ белсенділер оны 9 желтоқсанда ұйымдастырамыз де шешкен. Басылымдағы дерек бойынша, бұл күні туды өзгертуге қарсы митинг жоспарланған.

Еске сала кетейік, сол елдің депутаттары қыркүйекте Қырғызстандағы тудың дизайнын өзгерту бастамасын көтерген болатын.

Қарашаның аяғында Қырғызстан парламенті бірінші оқылымда мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын мақұлдаған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago