Қырғызстанда заңсыз жүрген 5 бала Қазақстанға қайтарылды

Еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда заңсыз жүрген. Бұл туралыБалалардың құқығын қорғау комитеті хабарлады.

2022 жылдың басынан бері Қырғыз Республикасынан 3 қыз және 2 ұл елге қайтарылды.

2022 жылдың басынан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғыз Республикасының аумағынан барлығы 5 кәмелетке толмаған баланы, соның ішінде 3 қыз және 2 ұл баланы елге қайтарды. 2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды. Сондай-ақ 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды,

деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама бойынша, балаларды туыстарына беру жұмыстары аяқталды/немесе жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы азаматтарынан тағы өтініштер түссе, мұндай жұмыстар жалғасын табады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago