Categories: Саясат

Қырым көпірінде тағы жарылыс болды

Дүйсенбіге қараған түні Ресей мен аннексияланған Қырым түбегін жалғап тұрған Керчен көпірінде «төтенше оқиғаға» байланысты қозғалыс тоқтаған.

BBC-дің Орыс қызметі таратқан хабарға қарағанда, көпір маңынан екі жарылыс естілген.

Ресейдің көлік министрі Қырым көпірінің автомобиль жолағы ғана зақымданды деп хабарлады. Кейбір дереккөздер көпірдің тірегіне нұқсан келгенін айтып жатыр.

Көпірге параллель жүріп жатқан паром өткелі де жабылған. Қырым көпірінің алдында бірнеше шақырымға жететін кептеліс пайда болған. Ресейдің көлік министрлігі мен аннексияланған Қырым билігі Қырымға Украинаның майдан шебіне жақын құрлықтағы жерімен баруды ұсынған. Бұл жерді де Ресей басып алған.

Қырым көпірінде 2022 жылы 8 қарашасында да жарылыс болған. Ол кезде жарылғыш зат тиеген көлік көпір үстінде жарылған. Биыл мамыр айында ғана қайтадан толық іске қосылған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago