Атақ және ақша

«Ырысбала жеп қояды». Икрамбай қайырымдылықты біржола тоқтатты

Мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етіп жүрген блогер Ырысбала Икрамбай қайырымдылық іспен айналыспайтынын мәлімдеді.

Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлауынша, жақында блогер көмекшілерімен бірге 97-баспананың кілтін табыстады. 

Мен ақша түсетін нөмерімді өшіріп тастағанмын. Бұдан кейін көпшіліктен ақша жинап, адамдарды үйлі еткім келмейді. Көмектесемін, бірақ қаражатты өз қалтамнан ғана шығарамын. “Ырысбала жеп қойды. Халықтан жинап, халыққа беріп отыр. Сол арқылы абырой жинап отыр” деген сөзді естігім келмейді. Санасы таяз адамдар шаршатты. 97 үйді керек-жарағымен табыстау, көпшіліктің қаражаты мен аманаты оңай емес. Сіздер білетін мен білмейтін қиындықтардан әбден шаршадым. Мүмкін, біраз демалыс та керек шығар. 100 баспана табыстаймыз деген мақсат болған. Қалған 3 үйді өзіміздің отбасымыздың атынан табыстайтын боламыз. Сонымен, 100 үй шығады. Соған риза болыңыздар!

деп жазды блогер.

Сөз соңында, қайырымдылық жасап, халықтың махаббатына бөленген блогер осы күнге дейін қолдаған оқырман қауымға алғыс айтты.

Мені қолдаған халыққа рақмет айтамын! Маған сенгендеріңізге мың алғыс! Әйтеуір, бірлесіп пайдалы іс атқардық. Инстаграмда отырып, бос уақыт өткізбедік. Соған қуанамын. Қайырымды істердің қайырын Алладан күтіп, адал іс атқаратын жандар көбейсін!

деп ризашылығын білдірді Ырысбала.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

7 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago