Categories: Қоғам

Қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан жаппай көшіп жатыр

Қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласында сатылымға қойылған пәтерлер көбейген. Хабарламалар арасында баспаналарын өте арзан бағаға беріп жатқандар көп. Өйткені тұрғындар алдағы қыста қайта апат болып, суықта қала ма деп қорқады. Ал әкімдік өкілдері қазандықтардың барлығын қыс түспей жөндейтінін мәлімдеді. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы хабарлайды. 

Жарнама сайттарының бірінде тәулік ішінде Екібастұздағы 200-ге жуық үй сатылымға шығыпты. Бағасы да арзандап кеткен. Бұрын 9-10 миллион теңге тұрған 1 бөлмелі пәтерлер 4-5 миллионның шамасында болса, 2 бөлмелілердің құны 7 миллион теңгеден тұр. Қала тұрғыны Юрий Павленконың сөзінше, Екібастұздан халықтың көшуі таңғаларлық жәйт емес. Өйткені жұрт өткен қыстағы қайта орын алуы мүмкін деп алаңдайды дейді. 

Иә, қазір Екібастұз жұртшылығы өте алаңдаулы. Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр. Пәтерлер құнсызданып қалды. Өте арзан бағада сатылып жатыр. Олар жылу орталығы әне-міне жөнделеді дегенге сенбейді,

деді тұрғын Юрий Павленко.

Ал жергілікті билік өкілдері келесі жылыту маусымына дейін жылу орталығындағы сегіз қазандық жөнделетінін мәлімдеді. Бүгінде зақымданған құбырлар ауыстырылып жатыр екен. 

Жылу электр орталығында 10 қазандық агрегаты бар. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек ұзындығы 5,4 шақырым болатын негізгі жылу магистралін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталды,

деді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Аманов.

Айта кетсек, өткен қыста қақаған аязда Екібастұзда тозған жылу желілері бірнеше жерден жарылып, ірі апат болған еді. Соның кесірінен жүзге жуық тұрғын үй жылусыз қалды. Бүгінде жартысынан жуығы ыстық судан ажыратылған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago