Categories: Саясат

Қыста жылусыз қалдық, жазда өртеніп жатырмыз

Елімізде неге адам өмірі түкке тұрмайды?

Қазақстан деген бір сорлы ел болдық па? Не құқығың қорғалмайды, не полицияның азаптауынан қорғана алмайсың, не заң жұмыс істемейді, не қарапайым қажеттілігің өтелмейді,

деп жазды журналист Әсем Жапишева.

Абайдың халқы жолдың өзін жөндете алмай жүргеніне талай жыл болған, енді Тоқаев келеді деп өтірік кұм шашып жатыр екен.

Мемлекет не үшін керек сонда?

Қарағайлы алқап әлемде тек екі жерде бірі Канада, екіншісі  Абай облысында ғана бар. Соңғы үш күнде  баға жетпес байлығымыздың 10/1 жанып кетті.

0,3 гектар аумақтан басталған орман өрті,  қазір 60 мың гектардан асты.

Еске салайық, 8 маусым күні Семей орман резерватынан өрт шықты. Басында өрт аумағы шамамен 20 гектарды құраған, кейін жалын өрши түсті. Келесі күні, 9 маусымда Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сол кездегі Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге тапсырма берді. Алайда, министр мырза орнынан кеш қоғалды. Міндетін орындай алмағаны үшін Президент оны отставкаға жіберді.

Сол күні 14 маманмен байланыс үзіліп, оларды іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Санаулы сағаттан соң Семей орманындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған 3 маман қаза тапқаны туралы суық хабар жетті.

10 маусым күні кешке қарай Төтенше жағдайлар министрлігі орман өртінен қайтыс болғандардың саны 14-ке жеткенін хабарлады.

Абай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапарын кейінге шегерді. Артынша Абай облысына келіп, марқұмдардың отбасымен кездесті. Барлық көмек көрсетілетінін айтты.

12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Ерлікпен қаза тапқандар «Құрмет» орденімен марапатталады.

Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

21 час ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago