Фотоколлаж: globalnews.kz
Биылғы қыс қатты. Қыс басталмай халықты әуреге салып жатыр. Кеше Екібастұз халқы жылусыз қалды. Бүгін төтенше жағдай жарияланды. Қалалық жылу орталығы істен шықты. Жылу құбырларының 70 пайызының тозығы жеткен. 12 эвакуация пункті іске қосылды. Түнде 149 көпқабатты тұрғын үйдің 129-ы, 15 әлеуметтік нысанның 10-ы жылу желісіне қосылды. Қазір алты қазандық істеп тұр. Ақаулар анықталып, жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаңадан салынып біткен Астананың бірнеше тұрғын үй кешенінде жылу жоқ. Сатып алған үйлеріне халық кіре алмай отыр. Себебі №3 жылу электр орталығы уақытында салынып бітпеді.
Қарағандыда да осы мәселе.
Шығыс Қазақстанда екі шопан 1300 қойымен боранда қалып қойды. Құтқарушылар дер кезінде оларды тауып, аман-есен ауылдарына жеткізді. Одан бөлек, «Мазда» маркалы көлікте тұрып қалған үш ер адам қар құрсауында қалып, шығарып алыңыз деп көмек сұраған. Ақсиыр учаскесіне 5 шақырым жетпей, оларды құтқарушылар тауып, елді мекенге жеткізді.
Ақмола облысында да жол бойында қалып қойған 10 адам құтқарылды. Автокөлік багындағы жанармайдың қатып қалуына байланысты отбасы межелі жерге жете алмаған.
Алматы-Өскемен тас жолының Талдықорғаннан шығысқа қарай дизельді отынмен жүретін көліктерге жол жабылды.
Апат айтып келмейді. Қытайдағы Алтай қаласының ауылындағы малшы қазақтардың жағдайы өте ауыр. Әлемжеліде тараған видеодан аяздан мал табыны қырылып жатқанын көруге болады. Қалың қар мен мұздың астында қалып қойған малды барша халық жұмылып құтқаруға тырысып жатыр. Алтайдағы қазақтарға барлығы амандық тілеуде.
Сықси Қытайдың сұрқия саясатының салдары осындай…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…