Қыстың әлегі: Алтайда мал жаппай қырылып жатыр (видео)

Биылғы қыс қатты. Қыс басталмай халықты әуреге салып жатыр. Кеше Екібастұз халқы жылусыз қалды. Бүгін төтенше жағдай жарияланды. Қалалық жылу орталығы істен шықты. Жылу құбырларының 70 пайызының тозығы жеткен. 12 эвакуация пункті іске қосылды. Түнде 149  көпқабатты тұрғын үйдің 129-ы, 15 әлеуметтік нысанның 10-ы жылу желісіне қосылды. Қазір алты қазандық істеп тұр. Ақаулар анықталып, жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңадан салынып біткен Астананың бірнеше тұрғын үй кешенінде жылу жоқ. Сатып алған үйлеріне халық кіре алмай отыр. Себебі №3 жылу электр орталығы уақытында салынып бітпеді.

Қарағандыда да осы мәселе.

Шығыс Қазақстанда екі шопан 1300 қойымен боранда қалып қойды. Құтқарушылар дер кезінде оларды тауып, аман-есен ауылдарына жеткізді. Одан бөлек, «Мазда» маркалы көлікте тұрып қалған үш ер адам қар құрсауында қалып, шығарып алыңыз деп көмек сұраған. Ақсиыр учаскесіне 5 шақырым жетпей, оларды құтқарушылар тауып, елді мекенге жеткізді.

Ақмола облысында да жол бойында қалып қойған 10 адам құтқарылды. Автокөлік багындағы жанармайдың қатып қалуына байланысты отбасы межелі жерге жете алмаған.

Алматы-Өскемен тас жолының Талдықорғаннан шығысқа қарай дизельді отынмен жүретін көліктерге жол жабылды.

Апат айтып келмейді. Қытайдағы Алтай қаласының ауылындағы малшы қазақтардың жағдайы өте ауыр. Әлемжеліде тараған видеодан аяздан мал табыны қырылып жатқанын көруге болады. Қалың қар мен мұздың астында қалып қойған малды барша халық жұмылып құтқаруға тырысып жатыр. Алтайдағы қазақтарға барлығы амандық тілеуде.

Сықси Қытайдың сұрқия саясатының салдары осындай…

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

7 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

8 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago