Қытай Қазақстан арқылы жүк тасымалына қатаң шектеу қойды

Коронавирус індетінің қайта өршуіне байланысты Қытай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау көлемін қысқартты. Жоспарлы көрсеткіштер орындалмады.

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Жоспар бойынша 25,3 тоннаға қол жеткізу мүмкін болмады.Оған себеп Қытайдың қатаң санитарлық шектеулері. Қазіргі нақты көрсеткіш – 23,8 млн тонна,

деді министр.

Бұл шекаралық теміржол өткелдерінің өткізу қабілетін екі есеге қысқартты.  Транзиттік тасымалдың негізгі бөлігі, яғни 70%-ы немесе 15,4 млн тоннадан астамы Қытайдың үлесіне тиесілі. Бұл Транскаспий бағытында контейнерлік тасымалдауды ұлғайту бойынша мақсатқа қол жеткізуге де әсер етті.

Еске салайық, Қытай пойыздарды қабылдау және тасымалдауға шектеу шараларын енгізді. Осыған байланысты Қытаймен шекарада пойыздарды қабылдау және беру 18 жұп пойыздан 12 жұпқа қысқартылды. Бұл елге келетін және шығатын вагондардың бос тұрып қалуына әкелді, ал ҚХР аумағында (порттарда, терминалдарда) контейнерлер алты айға дейін тоқтап қалған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago