Categories: Экономика

Қытай Қазақстанда Корея мен Ресейді басып оза ала ма?

Қытай Қазақстанда алдына қандай міндеттер қойып отыр? Бұл туралы экономика тұрғысынан белгілі қытайтанушы Әділ Кәукенов өзінің телеграм-арнасында жазды.

Сөзбе сөз:

«Неліктен Қазақстан Президенті Тоқаев 18-19 мамырда Сианьда өтетін Қытай және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммитінен үлкен үміт күтетінін айтты?

Шынында, жауап төменгі суретте, мамандар ұзақ уақыт бойы айтып келе жатқан проблемада. Атап айтқанда, Қазақстанның Қытайға географиялық жақындығына, оның инвестициялық мүмкіндіктеріне және Қытайдың қазақстандық экономикадағы үстемдігі туралы пікіріне қарамастан, Қытай инвестициялары тіпті аса ірі инвесторлардың бестігі қатарына да кірмейді.

Сонымен қатар, бұл тренд пандемиялық инерцияға сүйеніп, нәтижесінде 2022 жылы қытайлық инвестициялар деңгейі төрттен бірге дейін төмендеп кетті.

Си Цзиньпинді Астанада салтанатты қабылдау және 2022 жылы Қытай азаматтары үшін визалық шектеулерді алып тастау – бұл қалыптасқан жағдайды өзгерту және қытай экономикасы мен инвестицияларының пандемиядан кейінгі өсу толқынын пайдаланып қалу үшін Қазақстанның жасаған қадамдарының бір бөлігі.

Сианьдағы саммит институционалдық деңгейде қарым-қатынастардың жаңа толқынын аймақтық ауқымда бекіту қажет кезеңдердің бірі болуы керек. Әлбетте, бұл стратегияның қаншалықты сәтті болғанын 2023 жылдың статистикасы емес, 2024-2025 жылдардың қорытындылары көрсетеді.

Қазақстандағы Қытайдың міндеті – рейтинг көшбасшысы АҚШ-ты айтпағанда, ең болмағанда Оңтүстік Корея мен Ресейді инвестициялары бойынша басып озу.

Айтпақшы, АҚШ туралы.

АҚШ компаниялары инвестициялық рейтингтің екінші орнында берік орнығып қана қоймай, бір жылдың ішінде өз инвестицияларының көлемін екі есеге арттырды

Сондықтан қытайлық инвесторларға маңызды нәрсе ойлап табуға тура келеді».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago