Шетел басылымына шолу

Қытай билігі елдегі мешіттерді жауып, бұзып жатыр

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қытай билігі елдің солтүстігіндегі мешіттерді жауып я бұзып жатыр деп мәлімдеді. Ұйым осы арқылы Пекин әртүрлі ұлттар мен діни топтар тұратын аймақтарда «қытайландыру» саясатын жүргізіп жатыр дейді.

HRW мәліметінше, кейінгі жылдары Нинься-Хуэй және Гансу провинцияларында көптеген мешіттер жабылып, ғимараттары басқа мақсатқа пайдалануға берілген я бұзылған. HRW ұйымының Қытай бойынша сарапшысы Майя Вонг «бұл – діни наным-сенім бостандығын бұзу және елдегі мұсылмандарды жүйелі түрде шеттету» деп мәлімдеді.

Әртүрлі ұлттар тұратын аймақтарды «қытайландыру» саясатын Қытай басшысы Си Цзиньпин 2016 жылы жариялаған. 2018 жылы Қытайдың компариясы мешіттерді қысқарту резолюциясын қабылдаған. Бұл қарарға сай, мешіттердің саны қысқартылып, жаңа мешіттер тұрғызуға тыйым салынған.

HRW дерегінше, резолюция қабылданғалы мұсылмандар көп тұратын Шыңжаң өлкесінде мешіттердің үштен екісі, Нинься-Хуэй провинциясында үштен бірі жабылған. Ал әлі ашық тұрған мешіттердің мұнаралары мен күмбездерін алып, дәрет алатын, намаз оқитын жерлерді жапқан. Ұйым Қытай елдегі мешіттерге камера орнатқанын да айтады.

Қытайда 20 млн мұсылман тұрады.

  • Құқық қорғау ұйымдары Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасап жатқанын бұған дейін айтқан. БҰҰ есебінше, Қытай Шыңжаңда бір миллиондай ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылманды «қайта тәрбиелеу лагерьлеріне» жапқан. Лагерьге қамалуға хиджаб кию, сақал қою, араб және түрік тілін оқу, арақсыз той өткізу, некені мұсылманша қию, балаларға мұсылманша ат қою себеп болған.
  • Қытайдың тек мұсылман дініне емес, сондай-ақ христиан дініне де қысым жасап жатқаны, шіркеулерден крестерді алып, шіркеу қызметкерлерін қудалайтыны айтылған.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago