Categories: Қоғам

Қытай халқының саны азайып жатыр. Неге?

Мұның коронавируспен байланысы жоқ екенін бірден айтайық.

Өткен жылы ҚХР тұрғындары 2021 жылмен салыстырғанда 850 мыңға азайды. Қазір аспан асты елінде 1 411 750 000 адам тұрады. 9,56 миллион бала туылып, 10,41 миллион азамат қайтыс болды.

Қытайда халықтың азаюы 60 жылда алғаш рет болып тұр. Қазіргі демографиялық құлдырау — бұл 2015 жылға дейін жұмыс істеген «бір отбасы-бір бала» саясатының тікелей салдары.

Сонымен қатар өткен жылы репродуктивті жастағы әйелдер 4 миллионға азайды, ҚХР халқы біртіндеп қартайып жатыр.

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, 2050 жылға қарай Қытай халқы саны 109 миллион адамға азаяды. Ал бұл мәселе елдің тек ішкі проблемаларынан басқа, дүниежүзіндегі экономикаға да зиянын тигізеді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago