Экономика

Қытай, Өзбекстан, Түркиядан жұмыс іздеп келетіндер саны көбейді

Биыл 1 тамыздағы мәлімет бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда 14 702 шетелдік еңбек етіп жүр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, шетелден жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 551 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат (екінші санат). Негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 452 және 745 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 970 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 233 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда 1 751 жұмыс беруші шетелдіктерді жұмыс істетіп отыр. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 181 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 919 адам (13%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 340 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 147 адам (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 829 адам (6% ).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 768  адам (25,6%), Өзбекстан – 2016 адам (14%), Түркия – 1 411 адам (9,5%). Үндістан – 1 391 адам (9,4%),

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп,  бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago