Руханият

Қытаймен визасыз режим Қазақстан туризміне қалай әсер етеді – сарапшы пікірі

Ертең 10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енеді. Бұл режим екі ел арасындағы туристік ағымдарды да арттыратыны сөзсіз. Осы орайда Kazakh Toursim ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниел Сержанұлы визалардың алынуы Қазақстан туризміне қалай әсер ететіні жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қытай – Қазақстан үшін ең басым туристік нарықтардың бірі. Себебі бұл бізге көршілес мемлекет, екі ел арасында біршама әуе рейстері бар. Нақты цифрлармен айтар болсақ, 2019 жылы бізде Қытайдан келген 90 мыңға жуық турист тіркелген. Ал биылғы 10 айдың ішінде 85 мыңға жуық турист келді, яғни жыл аяғына дейін пандемияға дейінгі көрсеткіштен де асып түсеміз деген болжам бар,

деді Д. Сержанұлы агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Қазақстан мен Қытай қалалары арасында 6 бағыт бойынша бес әуе компаниясы аптасына 20 шақты рейс жасайды. Көбінесе бұл рейстер Бейжің қаласынан Астана мен Алматыға, оған қоса, Үрімжі, Сиань қаласынан ұшады. Бұл бағыттар әрі қарай кеңейе түседі деген болжам бар.

Өткен жылмен салыстырғанда Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны екі есеге артқан. 2022 жылы Қазақстанның қонақ үйлерінде шамамен 45 мың қытайлық турист тоқтаған. Олардан түскен пайданың жалпы көлемі 16 млн долларға жуықтайды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе артық.

Биыл да туристер саны артатынын ескерсек, пайда да еселеп көбейеді деген сөз. Kazakh Toursim компаниясы ұсынған «е-қонақ» жүйесі шетелдік туристер ағынын есептеп отырады. Сол бойынша бүгінгі күнге дейін миллионнан астам туристер санын байқадық, соның ішінде ТОП-3 қатарында Қытай нарығы да бар. Көп жағдайда қытайлық туристер Алматы қаласы мен Алматы маңындағы туристік орындарға келеді. Алматы – тек қана Қытай нарығында емес, жалпы шетелдік туристер арасындағы көшбасшы бағыт. Қытай туристері тек қана қалаларға емес, табиғи орындар мен ұлттық парктерге жиі барады. Әсіресе Іле Алатауы, Шарын, Шымбұлақ секілді орындарды жиі таңдайды,

дейді компания өкілі.

Оның айтуынша, Kazakh Toursim компаниясының шетелдік туристерді тартудағы негізгі рөлі – маркетинг, яғни жарнама жасау.

«Бізге Қытай нарығы биылдан бастап қайта ашылды, бұдан басқа Қазақстан – қытайлық туристер үшін топпен саяхаттауға рұқсат етілген 20 бағыттың арасына кірді. Осының арқасында біз көптеген жарнама жүргіздік, ең маңыздысы – Қытайдағы ең үлкен онлайн туристік агенттік платформасында жарнама науқанын жүргіздік, қытайлық блогерлерді тартып, жалпы 50 млн адам аудиторияны қамтыдық. Келесі жыл – «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» деп аталған. Осының аясында наурыз айынан бастап жылдың ашылуын өткізіп, үлкен көрмелер ұйымдастырамыз. Қазақстандық туристік компанияларды, туризмде жұмыс істейтін өкілдерді Қытайда өтетін үлкен туристік шараларға апарамыз, жергілікті туристік бизнеспен таныстыру үшін кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, қытайлық үлкен туристік компанияларды, миллиондаған аудиториясы бар қытайлық блогерлерді, медиа ресурстарын елге шақырып, туристік әлеуетімізді көрсету жоспарланған. Басқа да мемлекеттік органдармен бірге, қытайлық туристерге жағдай жасау, солардың тілдерінде ақпарат дайындау, олардың тілдерінде түрлі нұсқаулықтар әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр», — деді Даниель Сержанұлы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

24 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago