Categories: Қоғам

Қыз алып қашуға жаза күшейтіледі

Қазақстанның кейбір өңірлерінде әлі күнге дейін некеге тұру үшін қалыңдықты ұрлайтыны жасырын емес. Кейде қалыңдықтың тарапы ұзату тойды өткізбеу үшін осы дәстүрді ұстануға келіседі. Алайда, қызды мүлдем бөтен адам күшпен ұрлап кететін кездер де кездеседі.

Салдарынан жыныстық тұтастықты бұзу, қорлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, тіпті суицид орын алады.

Мұндай қылмыстарды болдырмау үшін Қазақстанның Қылмыстық кодексіне қыздарды некеге тұру үшін ұрлау туралы жеке бап енгізу жоспарлануда.

Соңғы төрт жылда Қазақстанда қыздарды ұрлау фактісі бойынша екі жүз он төрт қылмыстық іс тіркелді. Бірақ бұл зардап шеккен тарап өтініш берген жағдайлар ғана. Қоғамның қысымымен үнсіз қалған жандар қаншама.

«Некеге тұру мақсатында қыздарды ұрлау бойынша нақты статистикалық деректер жоқ, өйткені Қылмыстық кодексте мұндай құқық бұзушылықтың жеке құрамы жоқ», — делінген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір қазақстандық омбудсмен кеңсесі қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер енгізу мүмкіндігін, атап айтқанда, жекелеген бапты енгізу және жәбірленуші ерікті түрде босатылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ҚР ҚК-нің жүз жиырма бесінші бабына ескертпені алып тастау мүмкіндігін талқылауда.

Еске сала кетейік, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан елдерінде мұндай заң қарастырылған.

Бас прокуратура бұл ұсынысты қолдап үлгерді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago