«Қыз сыны мен жігіт сұлтанына қатысып жатқандай»: халық кандидаттардың мәлімдемелерін қалай қабылдап жатыр?

Өткен аптада алдағы президент сайлауына түспек ниеттегі кандидаттардың дауысы жарқын-жарқын шыға бастады. Бірі кафедегі нанның тегін емес екеніне налыса, екіншісі Хэллоуинмен күресуге бел буды, ал үшіншісі электоратпен би биледі.

Әлбетте, бұл олардың сайлау алды бағдарламасымен қатар жүріп жатқанын айта кеткен де жөн. Алайда, жұрт олардың салиқалы бағдарламаларын емес, хайпқа толы мәлімдемелерін көбірек талқылады.

Жалпы кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын бір оқырман «Үміткерлер қыз сыны мен жігіт сұлтанына қатысып жатқандай. Біреуі сиыр сауды, таға қақты, шеге майыстырды, би биледі, сүйек сындырды» деп дөп сипаттаған екен. Кандидаттардың іс-әрекеттері жалпылай осындай көрініс тудырады.

«Нан тегін болсын»

«Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев Facebook аккаунтында видео жариялап, асханаларда бір үзім нан сатылатынына наразы болды. Айтуынша, осындай бай-қуатты мемлекетте өмір сүре отырып, нанды тегін бермеуіміз мәдениетімізге сын.

«Қай жерге барсаң да бір үзім нан ақшаға сатылады. Біздің қазақи бауырсақ, нандар асхана, кафелерде тегін тұрса? Бұл қазақтың мәдениеттігін көрсетер еді. Бір үзім нанды сатып, содан біз байып кетпейтін шығармыз. Бұл біздің қазақи салт-дәстүрге жатпайды. Мен ең әуелі дала демократиясын қолға алайын. Ата-дәстүрді осы нанды қадірлеуден бастасақ. Әрбір азаматтың бойында мейірім болса,

дейді Дайрабаев.

Кандидаттың бұл ұсынысын халық екіұшты қабылдады. Бірі қымбатшылық жайлаған заманда нанды тегін берсе құба-құп болар еді десе, басқасы тегін келген дүниенің құны болмайды десті. Енді бірі «капитализм-капитализм» деп, бүкіл адамгершілігіміз төмендеп бара жатқанын айтып налыды және кандидаттың осы ұсынысы ұлттық болмысымызды насихаттауға көмектесетін бірден бір құрал екенімен келісті.

Жигули Дайрабаевтың сынып тұрған сүйікті қайта сындырғаны әлі де ел аузында. Тіпті мемге де айналып үлгерді.

Басты қағида — тыйым

«Сен қазақсың — мақтан!» дейтін қатаң моральдық нормалар мен негіздерді ұстануға шақырған Қарақат Әбден тек дәстүрлі қазақ мерекелерін атап өтуді және Хэллоуинге заң жүзінде тыйым салуды ұсынды.

Кеше Алматыда болғанымда алдымнан жас қыздар мен жігіттер шыға келді. Өте қорқынышты көрініс. Көздері қан сияқты қызыл түске боялған. Сіз мұны көріп, қорқып кетесіз. Менің ойымша, Хэллоуинге заңды түрде тыйым салу керек,

деді ол

Сондай-ақ, Әбден бір кездері КСРО-да болған түнгі балабақшаларды қайтаруды ұсынады. Олар ата-аналары түнгі ауысымда жұмыс істейтін балаларға арналған, бірақ олардың не үшін қажет екенін нақтыламады.

Әрбір ата-ана баласына ең жақсысын беруді армандайды. Осы мақсатта, өкінішке орай, материалдық ресурстар үшін үнемі еңбектену және баланы басқа біреудің бақылауында қалдыру жағдайлары көп кездеседі. Бірақ мұның қайғылы жағдайға әкелетініне куә болып жүрміз,

деп жазды Әбден.

Алайда Қарақат Әбденнің өзі үміттенген ұлтшылдар тұрғысынан қолдаушылар аз болды. Тіпті, керісінше, елде бұдан да зор мәселелер барын айтып, соларды шешумен айналысуға кеңес берді. Бұған тіпті кандидаттың ауылға барып, бие сауған видеосы да көмектеспеді.

Қанекей, көңілдірек!

«Қазақ аналары — дәстүрге жол» РҚБ атынан кандидат Салтанат Тұрсынбекованың көпшілік үгіт-насихат бағдарламасын емес, биін талқылады.

«Түркістандағы белсенді өмір орталығының зейнеткерлерімен сөйлесіп, билеп, көңіл көтердік. Мұнда апалар мен аталар спортпен шұғылданып, түрлі ойындар ойнап, ән салып, билеп, медициналық және психологиялық көмек алады»,

деп жазды Тұрсынбекова жұртшылықпен билеген видеосын әлеуметтік желіге жариялай отырып.

Кандидаттың бұл көңілді видеосын халық жылы қабылдады.

Айта кету керек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жасаған сапарында жергілікті спортшылармен кездесіп, шегені майыстырған сәті де біраз уақыт бұрын талқыға түскен еді. Ұлттық спортты насихаттап жүрген Тимур Сыпатаев «Қазақ елінің бірлігі, ынтымағы шегедей мықты болсын» деген тілекпен темірден түйін түйіп, президентке тарту еткен. Мемлекет басшысы шегені өз қолына алып, тізеге салып, майыстырды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

16 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

23 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

24 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago