Дін

Қыз ұзату кезінде сыңсудың орнына салауат айту дұрыс па?

Дінтанушы Абдусамат Қасым ұзатуда сыңсудың орнына салауат айту қаншалық дұрыс екенін түсіндірді, — деп хабарлайды islam.kz сайты. 

Сыңсу, бұл — қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып-өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылатын үрдіс. Бұл үрдісті, әсіресе бұрынғы заманда «судай сіңіп, тастай бат» деген қағидамен және «қайта келген қыз жаман» деген түсінікпен, «енді қашан келемін, енді қашан көремін» деп қыз байғұстың еліне деген, ата-анасына деген сағынышын күннен бұрын білдіру әдісі деп түсінуге болады,

дейді дінтанушы.

Сондай-ақ, Абдусамат Қасым сыңсу үрдісін қимастықтан туындаған қыздың сол сәттегі эмоционалдық жай-күйінің көрінісі деу де қате емес екенін айтады.

Қазір де ата-анасын қимай, көзіне жас алып, жылап қоштасып жататындар бар. Осындай жай-күйден сыңсу өлеңдері туған. Алайда сыңсу үрдісін жаңғырту әркімнің өз еркіндегі іс екендігі жасырын емес, мысалы, қазіргі таңда көп жағдайда ұзатылып жатқан қыздан сыңсуы талап етілмейді. Онсыз да, қыз көңілі босап, көзіне жас алып, жылап қоштасып жататын жайы бар. Ал сол сәтте салауат жырын қойып қойса немесе діни өлең қойып қойса яки қазақша сыңсу өлеңі қойылып, не болмаса жар-жар айтылып және сондай әуендердің сүйемелдеуімен қыз ұзатылып кетіп жатса, оның еш ағат тұсы жоқ,

дейді маман.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Құран дауысымен ұзатылған қыздың видеосы тараған болатын. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago