Осыдан біраз уақыт бұрын ЭКҰ арқылы үшінші сәбилі болғысы келетінін айтқан Ләйлә Сұлтанқызы бұл арманының орындалмағанын айтты. Жұбайы өмірден өткен тележүргізуші жақында талдау нәтижелерінің оң нәтиже беріп, қараша айында күйеуімен маманға баруы керек болғанын айтып, Youtube арнасында өзегін өртеген өкінішімен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Біз үлгермедік. Салтанат ханым (Байқошқарова — ред) келгенде, мен осыны айтып жыладым. Қазан айында соңғы талдау нәтижелерін қолыма алғанда, «Сізде бәрі жақсы. Келесі айда күйеуіңізбен келе аласыз» деген болатын. Біз үлгермедік. Менің жүрегімдегі ең үлкен өкініш болып осы қалды. Құдайдың жазғаны осы шығар. Мен тағы да ана атанып үлгермедім. «Неге мен қазан айында бармадым?» деген өкініш қалды. Ол менен «Ләйлә, мен қашан барамын?» деп сұрады ғой. Мен «Дәрігер айтты, қараша айында барасың» дедім. Ол «Жарайды, мейлі. Қарайсың ғой, өзің» деді. Өзі үлгермеді,
деп айтты Ләйлә Сұлтанқызы.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Беркімбаев биылғы жылдың қарашасында өмірден өткен болатын.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…