Categories: Галерея

«Қызың қандай болып бойжеткенін қара»: Әсел Сәдуақасова 30 жылдан кейін әкесімен табысқан

Актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова жеке өміріндегі өзгерістер туралы Тимур Балымбетовке сұхбат берді. Сұхбат барысында 6 жасынан бері көрмеген әкесімен қалай табысқаны туралы әңгімеледі.

Сәдуақасованың айтуынша, жеке өмірінде жолын ашу үшін ең алдымен әкесімен табысуды шешкен.

2020 жылы өмірімде өте үлкен бір жайт орын алды. 6 жасымда ата-анам ажырасып кеткен болатын. Сол кезден бастап әкемді мүлде көрген емеспін. 2020 жылдың соңына қарай пандемия кезінде, айналада жантүршігерлік оқиғалар орын алып, індет салдарынан көптеген адам жан тапсырып жатқан кезде мен қатты ойландым. Достарым да бұрын мүмкін әкеңмен кездесіп танысарсың деп айтатын. Осы сәтте мен әкеммен танысуды шештім. Бұл менің ең бірінші өз өзімді жеңуім, болды,

деді Әсел Сәдуақасова.

Продюсер осы тұста анасына ризашылығын білдірді. Сөзінше, анасы ешқашан оған әкесін жамандамаған. Осы сәтке дейін әкесімен табысуды мүлдем ойламай келген екен, әкесі тарапынан да әрекет болмапты.

Мен бұған дейін өзімнің ағаларыммен, әпкелеріммен, бауырларыммен туысқандарымның бәрімен таныстым. Алайда әкеммен емес. Оған қатты өкпелі болдым. Бұл кезеңдердің бәрінен өттім. Оған өзімді дәлелдегім келген кездер де болды. «Міне, қызың қандай болып бой жеткенін қара» деп айтқым келетін. Бәлкім, әрдайым елдің көзайымы болып жүру ұмтылысымның негізінде осы жатқан болар,

деп қосты ол.

Түр келбетім де, мінезім де әкеме ұқсапты деген актриса онымен сөйлесер алдында қатты қобалжып, қорыққанын жасырмады. 

Әкемнің қарындасына жазып, әкемнің телефон номерін сұрадым. Онымен танысып көріскім келетінін жеткіздім. Номерін сақтаған соң, енді оған хабарлассам ба, әлде жазсам ба деп біраз ойландым. Бір кезде телефоныма әкемнен қоңырау келді. Ол өзі маған қоңырау шалды. Біз бұрыннан бері араласып жүрген жақын адамдардай тез тіл табысып кеттік. 

Кейін Астанаға барғанымда туысқандарым, барлығы жиналып әкеммен кездестім. Өте керемет кеш болды,

деді Әсел Сәдуақасова.

Айтуынша, әсел әкесінің екінші әйелімен де жақсы қарым-қатынаста. Актриса мұндай жайт көптеген адамның басында болатынын және өмірде жолыңды ашу үшін әке-шешеңнің болмысын, өмірін қабылдап, тәубе ету маңызды екенін жеткізді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

17 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

17 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

17 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

17 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

19 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago