Фото: Polisia.kz
Қостанайда CyberPol қызметкерлері тұрғындардан 20 миллион теңге жинаған алаяқты анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасына түсті
деген дәстүрлі схеманы пайдалана отырып, алты тұрғынды сан соқтырған. Шығын сомасы 20 миллион теңгеден асты.
Барлық өтініш бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Зардап шеккендердің көпшілігі егде адамдар, оларға үй телефонына қоңырау шалып, белгісіз адамдар туыстарының апатқа ұшырағанын хабарлаған. Алаяқтар қолда бар ақшаны беруді сұраған. Ізін жасыру үшін жасанды шаш ауыстырып отырған. Қара көзілдірікті және әртүрлі баскиімдерді қолданған.
Алаяқ Қостанайдағы қонақүйдің люкс нөмірінде ұсталды. Одан 800 мың теңге сомасында ақша алынды. Ол қалған қаражатты қымбат телефон, заттар мен ойын-сауық құралдарын сатып алуға жұмсаған.
Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…