Categories: Оқиға

Қызылорда облысында есірткі таратушы ұсталды

Қызылорда облысында синтетикалық заты бар 165 түйіншекпен есірткі таратушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қала көшелерінің бірінде Kia автокөлігі тоқтатып, көлікті тінту кезінде таратуға дайындалған 165 түйіншекке оралған есірткі заты анықтап, тәркіледі. Оқиға орнында 20 жастағы облыс тұрғыны құрықталды.

Күдікті облыс орталығында тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден жазулары бар пакет ішінен ақ түсті ұнтақтар, электронды таразы, фольга, изолента тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақты зат ретінде тәркіленген синтетикалық есірткі заттар: жалпы салмағы 233,28 грамм мефедрон және PVP – 249,7 грамды құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3,5-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу,электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago