Categories: Қоғам

Қызылордада оқушылар мектепке қайықпен қатынап жүр

Қызылорда облысы Арал ауданы Ақшатау ауылының оқушылары білім алу үшін өмірін қатерге тігуге мәжбүр. Себебі мектепке қыста Сырдария өзені үстіне салынған қалқымалы көпір арқылы, күн жылыса қайықпен қатынайды. AstanaTV хабарлайды.

Ата-аналар қайықтың қауіпті екенін білсе де, басқа амалы жоқ. Ауылдағы бастауыш сынып оқушылары оқитын жалғыз мектеп те талапқа сай емес.

Ақшатаудың бастауыш сыныпты тәмамдаған оқушылары 6 орындық шағын көлікке 20-ға жуық оқушы тығылысып мінеді. Бірнеше шақырым кедір-бұдыр жолмен жүріп, қалқымалы көпірден өтеді.

Интернатқа қатынау қиын. Ауылымыз алыс. Өзеннен қыста өткен кезде мұз жарылып кете ме деп қорқамыз. Қайықпен өткен кезіміз де болды. Шаршаймыз,

дейді оқушы Қаһарман Айжарықұлы.

Тұрғындардың айтуынша, дарияның мұзы еріген уақытта қалқымалы көпірді де алып тастайды. Балалар жанын шүберекке түйіп, арғы бетке қайықпен өтеді. Ата-аналар балаларымыздың амандығын тілегеннен өзге амалымыз жоқ деп отыр.

Ауылдағы бастауыш сынып оқушылары бұрынғы балықшыларға арналған жатақханада білім алады. Қабырғасы қақыраған 2 бөлмелі ғимараттың жылуы да мардымсыз екенін айтады ата-аналар. Балаларға спортзалда доп тебу арман. Ал тұрғындар жергілікті биліктегілер 2017 жылдан бері құр уәдемен алдаусыратып келеді деп отыр. Ауыл әкімі болса, бұл жолы да жаңа мектеп құрылысының нақты қашан басталатынын айта алмады.

2023 жылға салынуы керек болатын. Бірақ кеше халықтың санына байланысты өткен жобаны өзгертті. Ауданда бірінші кезекте апаттық жағдайдағы мектептер, одан кейін 3 ауысымды мектептер бар. Бұл мектептер, бірінші кезекте тұр. Енді біздің облыс әкімімен келісіміміз бар. Алдағы сессиядан 2023 жылға ең құрығанда бастандырып кетуге жұмыс істеп жатыр,

деді Аманөткел ауылдық округінің әкімі Қайрат Әбдіраманов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago