Оқиға

Қызылордада оқушының мәйіті табылды

Орны толмас оқиға мектеп қабырғасында болған деген ақпарат бар.

Оқушының ажал құшуына – жасөспірімдер арасындағы төбелес себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

12 ақпан күнгі сағат 15:00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.

Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаға Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді. 

Аталған жарияланым бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді,

делінген хабарламада.

Қызылорда облысындағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстар саны азаймай тұрғаны туралы көп айтылып, жазылып жүр. Былтыр аймақта 70-ке жуық қылмыс жасөспірімдермен жасалса, 84 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Ең өкініштісі, оның 24-і – орта мектеп оқушысы.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago