Фото: видеодан кадр
Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп жағынан айырылды.
Анасының айтуынша былтыр қыркүйекте мемлекеттік тіс емханасына қызының тісі ауырған соң алып барған. Дантист жұлып, үйіне қайтарыпты. Бірақ ісіну мен ауырсыну үдей түсті дейді анасы. Артынша, арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқан. Астана телеарнасы мәселені зерделеді.
Аяулымның тісін жұлдырғанына бір жыл өтсе де зардабын әлі тартып отыр. Себебі ірің жағына дейін жайылып, 8 айда 3 ота жасатқан. Алғашқы операция Қызылордада жасалғанымен нәтиже болмапты. Анасы сондықтан Алматыға алып баруға мәжбүр болдым дейді. Ал ондағылар кішкентай қыздың жағы шіріп жатқандықтан, құлақ түбіндегі негізгі бөлігін кесіп алып тастауға тура келген. Енді жақ сүйектің қайта өсетініне кепіл жоқ депті мамандар.
Мына жері жоқ қой қазір. Бұл жер өсу өспеуі белгісіз болып тұр. Өспеу қалған жағдайда операциямен теңестіреміз деді. Негізі дұрыс анализ жинамаған. Зерттеу жүргізбеген. Солай тісін жұлған. Тісін жұлғаннан кейін осындай асқыну болып отыр. Негізі бұндай диагнозбен барғанда, стамотолог врач, ортодонттар или хирургтар жұмыс жасау керек екен. Ал менің қызыма орта білімді дантист қызмет көрсеткен,
деді Гауһар Ермағанбетова, Аяулымның анасы.
Медициналық және формацевтикалық бақылау комитеті аталмыш жағдайға байланысты тиісті диагностикалық тексеріс толыққанды жүргізілмеген деген қорытынды шығарған. Тіпті баланың тісін дантист жұлуға болмайтынын айтқан. Ал ақ халаттылар өздеріне шаң жуытпай отыр.
Сол кезде қолданыста жүрген стандарт бойынша 10/53 пантеисттің құқығы бар болатын. Шұғыл түрде көмек көрсететін зубной врач деген болады. Сол тараппен көрсетілген. Ал осы жылы ақпан айында шыққан стандартта ол қызмет түрі алынып тастаған. Егерде тағы да тістері ауырып жатқан болса, жағдайы нашарлап жатқан кезде әрдайым көмегімізді көрсетуге дайынбыз,
Гүлзира Садықова, қалалық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары.
Қазір Аяулым үйінде ерекше күтіммен отыр. Тіпті мектеп алды даярлық тобына да бара алмай қалды. Ал анасы кінәлілердің жазасыз қалғанына ызалы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…