Categories: Оқиға

«Өз аяғымен көмек сұрап барды ғой». Туыстары оралдық екі баланың анасының өліміне дәрігерлерді кінәлады

24 жастағы оралдық Асылтас Әренова 2,5 және 1 жасар екі баланың анасы еді. Жақында Асылтастың кеуде тұсы ауырсынып, түйін пайда болған. Артынша тіпті қолын көтере алмай қалған. Асылтастың туыстары ол дәрігерге жүгінгенін, бірақ олар уақытылы көмек көрсетпегенін айтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «МОЙ Город» сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер оған қараған жоқ, тіпті кеуде тұсындағы түйінді көрмеген. Бастапқыда ол жедел жәрдем шақырып, содан кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жүгінді, ол жердегілер Асылтасты жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіп, ақыры облыстық ауруханадан бір-ақ шыққан. Барлық жерде анализ тапсыртып, үйіне қайтарған. 27 ақпанда оның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түсіп, 17:00 шамасында Асылтасымыздан айырылып қалдық,

дейді марқұмның туысы.

Қайғылы оқиғадан кейін марқұм әйелдің денесі ашып, зерттеуге жіберілген. Бірақ оның нақты өлім себебі тек екі аптадан кейін белгілі болады екен. Асылтастың туыстары дәрігерлер шұғыл көмек көрсетпегеніне наразы.    

Кіші баласы еміп жатқан кезде оның төсін тістеп алған. Солай жара пайда болған, ол біртіндеп үлкейе бастаған. Ақыры бүкіл денесіне тарап кеткен. Дәрігерлер Асылтастың денесін көрсе қандай да бір белгіні көрер еді ғой. Ол өз аяғымен көмек сұрап барды ғой. Дәрігерлер ауырсынуды басатын дәрі ғана берген. Жасы небәрі 24-те еді ғой, 25 жасын мейрамханада атап өткісі келген еді. Оның балаларына не айтамыз? Олардың көзіне қалай қараймыз? Олар әлі кіп-кішкентай ғой,

дейді марқұмның туысы Нәсіп Сәуленова.

28 ақпанда Асылтасты туыстары ақтық сапарына шығарып салды. Марқұмның жаназасына туыстары мен жақындары келген. Олар болған жайтқа сене алар емес.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері өлімнің нақты себебі денені ашып, зерттегеннен кейін ғана анықтауға болатынын айтқан. Басқармадағылар өзге ақпаратты алдағы уақытта жариялауға уәде берді. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago