Өз елімде жұдырықтасқым келеді: Головкин мансабын аяқтауы мүмкін

Орта салмақтағы біріккен әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

40 жастағы боксшы Youtube-каналында берген сұқбатында мансабының аяқталуына дейін ол Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

Мен әлі сүйікті Қазақстанымда жұдырықтасуым керек

деді боксшы.

Головкиннің карьерасындағы жалғыз жеке-жек Астанада өткен. Ол 2010 жылы панамец Нильсон Тапияға қарсы өнер көрсетті.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.  Бұған дейін боксшылар арасындағы алдыңғы екі жекпе-жек дәл осы аренада өткен болатын. Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі тең аяқталған еді. Ал екінші кездесуде отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. Төрешілердің шешімімен 12 раундқа созылған қарымта жекпе-жек мексикалық Сауль Альварестің пайдасына шешілді. Головкин сәуір айында жапондық Риота Муратаны нокаутпен жеңіп IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Головкиннің үшінші жекпе-жегін көру қанша тұрады?

Билеттер 27 маусымнан бастап сатылымда. Ең арзаны 305 доллардан басталады. Бұл шамамен 147 мың теңге. Ең қымбаты – 2 млн теңгеден жоғары.  Арнайы барып, өз көзіңмен көру үшін қалтаңда қомақты қаражат болуы керек, әрине. Қалтасы көтермейтін барша жанкүйерлер қауымына онлайн көрсетілім де қарастырылған.  Оны DAZN платформасында 84,99 доллар, яғни 40 577 теңгеге қызықтай аласыз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago