Өз еркімен интимге барған: Оқушы қызды зорлады деп айыпталған жігіт сотта ақталып шықты

Оған 13 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған болатын.

Атырауда прокурор 18 жастағы жасөспірімді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Іс материалдарынан 2021 жылдың тамыз айында 13 жастағы мектеп оқушысы сотталушымен әлеуметтік желіде танысып, онымен хат алмасқаны белгілі болды. Алайда жігітпен танысқанда қыз «18 жастамын» деп өтірік айтқан. Оның үстіне, ол әлеуметтік желіде 2003 жылы туған қолданушы ретінде аккаунт ашқан.

2021 жылдың тамыз айында олар алдын ала келіскен пәтерде кездесіп, өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Жәбірленуші кездесудің мақсатын алдын ала біліп, өзімен бірге контрацептивтер мен түнгі көйлек ала келген. Істі қарау барысында жәбірленушіде дене жарақаты болмағаны да анықталды,

деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Тараптардың сөз алмасуы кезінде прокурор соттан оны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сотта қыз жас жігітпен өз еркімен интимдік қатынасқа түскенін алға тартты. Қыздың анасы қызының сөзін қолдап, істі тоқтатуды және жас жігітті ақтауды сұраған. Сотталушының өзі қыздың нақты жасын білмейтінін айтты.

Осылайша, сот жас жігітті ақтау туралы шешім шығарды. Сондай-ақ Атырау облысы прокуратурасының сотталушыны бір жылдан астам заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартуына қатысты жеке қаулы шығарған.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

1 день ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

1 день ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

1 день ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

1 день ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago