Атышулы Ресейлік «пикап шебері» Алматының қыздарының жүрегін қалай жаулап алудың жолдарын үйретпекші екен. Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Куриллов 19-27 қараша аралығында Алматы қаласында қыздарды арбау техникасы бойынша тренинг өткізетінін мәлімдеді. Ал қазақстандық белсенділер мұны «сайлауалды арандату» деп бағалап, тренингтердің өтуіне тыйым салуды ұсынды.
Google-ге кіріп, аталмыш пикап шеберінің есімін жаза қалсаң болғаны, ақылға қонымсыз суреттер мен жазбаларға тап боласың. Өзін қыздарды арбаудың керемет шебері сезінетін Ресейлік азамат елімізге келуді шешіпті. Ол қазақстандық қыздарды қаратуды үйрететіні туралы хабарландыруды әлеуметтік желіде жариялаған. Алекс Лесли өз тренингі жайлы видео жариялап, мұны өзіндік «мобилизация» деп атапты.
Украинада мобилизация жүріп жатқанда, біз Қазақстанға барамыз. Өте қызық болады деп ойлаймын. Сондықтан біз өзіміздің мобилизациямызды жарияладық,
дейді ол.
Ал әлеуметтік желідегі жазбасында тренингке билетті алғашқылардың бірі болып алғандарға үлкен жеңілдік ұсынылатыны жазылған.
Еліктіру бойынша танымал тренинг Қазақстанда, көшеде әдемі қыздары көп Алматыда демалыс пен қыздарды арбауды үйлестірудің ең тиімді нұсқасы. Бүкіл пикапшылар тобы Алматыға барады!
делінген Леслидің парақшасында.
Әлеуметтік желілердегі мұндай шақыруға қазақстандықтар жайбарақат қарай алмады. Келесі пікірлерді Алекс Леслидің Instagram парақшасынан табуға болады:
Қазақ қыздары туралы тағы да осындай сөз айтсаң, келесіде сөйлей алмай қаласың!
Біз сені Қазақстанда күтеміз, сөздерін үшін жауап бересің!!!
Жалпы, Қазақстанды ұмытыңыз!
Алекс Лесли немесе Александр Куриллов – қыздарды арбау техникасын үйрететін бірнеше кітаптың авторы. Алекс Лесли бірнеше рет мұндай жанжалды басынан өткерген. 2019 жылы ол беларусь қызы Настя Рыбкамен бірге Таиландтағы сотқа дейінгі түрмеде тоғыз айын өткізді. Олар сол кезде заңсыз семинар өткізді деп айыпталып, 18 айға бас бостандығынан айрылған болатын. Нәтижесінде олар тек тоғыз ай жазасын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
ВВС мәліметінше, Ресейге келген соң Алекс Леслидің үстінен “жезөкшелікпен шұғылдануға еліктіру” бабымен іс қозғалған. Ал қол астындағылар желідегі парақшасына атқарылған жұмыстың “есебін жүктеп отырған”.
«Алтай жұлдызы» кітабының авторы Марлен Зиманов Алекс Леслидің Алматыда тренинг өткізуіне тыйым салу керегін мәлімдеді. Ең алдымен өз қыздарымызды қорғайық деген үндеу жолдапты.
Өз әйелдерін қорлаудан қорғай алмайтын ұлт! Кавказдық бауырларымнан кешірім сұраймын. Бірақ неге мұндайлар Кавказ туралы ештеңе жазбайды. Себебі Кавказ әр уақытта өз әйелдерін қорғайды,
депті жазбасында.
Бұл ретте «Region 18» ақпарат агенттігінің бас редакторы Мұрат Сүлейменов Фейсбук парақшасында өз пікірімен бөлісті. Оның сөзінше, Лесли 2018 жылы Ресейде саяси даудың ортасында қалған. Нақтырақ айтсақ, Рыбка – Алекс Леслимен бірге ресейлік үкімет мүшелеріне сексуалды қызмет көрсетумен айналысқан. Олардың әрекеті Алексей Навальныйдың «Яхты, олигархи, девочки: Охотница на мужчин разоблачает взяточника» фильмінің негізі болған.
Сонымен қатар, Алекс Лесли Таиландта өткізген тренингі кезінде ұзақ уақытқа түрмеге қамалған кезінде, Ресейдің арнайы қызметі шығуына көмек көрсеткен.
Сондықтан аталмыш тренинг нағыз арандатудың көрінісі деп айтуға негіз бар. Көрші елде әлдекімдерге қазақтарды агрессияға итермелеу қажет болып отыр, әрі дәл сайлау алдында. Лесли мен Рыбканы көптеген ресейлік блогерлер арнайы қызмет агенттері және саяси арандату мен бопсалауды ұйымдастырушы деп атайды, – дейді ол.
Сіз не ойлайсыз?
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…