Өз қызын зорлады деген күдікке ілінген әскери қызметші қамауға алынды

Ақтау гарнизонының әскери қызметкері 11 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120-бабы 4-бөлігі («Зорлау») және 124-бабы 3-бөлігі («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша жүргізіліп жатыр.

Соттың шешімімен әскери қызметші қамауға алынды. Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің балаларға жасаған басқа зорлық-зомбылық фактілері тіркелген жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды,

деді Бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермекбаев.

Бейресми деректерге сүйенсек, күдікті теңіз жаяу әскерінің қызметкері. Ал жәбірленуші 11 жаста. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жарты жылдай жалғасқан. Әкесінің азғындық әрекетін екінші қызы камераға түсіріп алған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, күдікті қарулы күштер саласында қызмет етпейді, бұл оқиғадан бұрын жұмыстан шығарылыпты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago