«Заңға қайшы». Блогер-депутаттар әлеуметтік желіден түскен табысын қайда жұмсайды?

Жаңа Парламенттің төменгі палатасында әлеуметтік желіде өте белсенді танымал журналистер мен блогерлер аз емес. Кейбірінің Youtube және Tik-Tok желілеріндегі арнасына жарнаманы кіріктірілген. Алайда заңгерлер мұның заңға қайшы екенін айтады, деп хабарлады 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы.

Белгілі журналист әрі депутат Нартай Сәрсенғалиев Youtube арнасында әлеуметтік мәселелерді көп қозғайды. Депутат желідегі әр шығарылымнан ақша түсетінін растады. Алайда қаражат арна ақысы, студия қажеттіліктері, қонақтардың суы мен кофесіне жұмсалатынын, одан артылған соманы қалтасына баспайтынын айтты.

«Менің жеке бас пайдам жоқ. Ол қаражат редакторлар, арнайы айналысатын адамдардың есебіне келеді. Олар өздері студияны жалға алады. Соның шығынын төлейді, содан кейін аз-маз тиын қалса, қайырымдылыққа жұмсалады. Себебі азық-түлік тұрғысында, садақа ретінде көмек сұрайтын азаматтар хабарласады, соған қалған бөлігін жолдайды»,

деді Нартай Сәрсенғалиев.

Ал Instagram мен Tik-Tok-та танымал блогер Дәулет Мұқаев депутат орындығына жайғасқалы бері бұл кәсібіппен қош айтысқанын жеткізді.Айтуынша, енді тек саясатпен айналыспақшы.

«Youtube арна, Telegram-дағы арналардың барлығы командадағы балаларға тиесілі. Себебі оны жүргізуге қазір, шынымды айтсам, уақыт та жоқ»,

деді Дәулет Мұқаев.

Дегенмен, белсенді мәжілісмендер өзінің ресми парақшасымен тұрақты түрде айналысатынын айтты. Өйткені ол – қоғамның талабы әрі имидж және халықпен кері байланыс үшін қажет дейді.

Ал заңгерлер депутаттардың желіде жарнама жасауы заңға қайшы, жазасы да қатаң екенін айтты.

«Депутатқа қандай да бір ақылы қызмет атқаруға, не болмаса кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған. Егер де осы ережелер сақталмайтын болса, орталық сайлау комиссиясы депутаттың өкілеттігін тоқтатады. Жалпы соңғы жылдары заң шығарушы органның Конституция нормаларын бұзуы жиілеп кетті. Бұл біздің елдегі Конституциялық заңдылықтың төмендігін және құқықтық мәдениеттің нашарлағанын көрсетеді»,

деді заңгер Айыпхан Мұхамадиев.

Заңгердің айтуынша, мәжілісмендердің мәселе көтергенде белсенді болғаны жақсы, бірақ әлеуметтік желіде кері байланыс пен жарнаманы шатастырып алмау керек. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago