Қоғам

«Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін» деген пікір — таза фейк

Бұл туралы омбудсмен Артур Ластаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған заңға қол қойды. Түзетулер бүкіл азаматтық қоғамның белсене қатысып, түрлі алаңдарда алдын ала кеңінен талқылап жатқан мәселелердің нәтижесі бойынша әзірленді.

Біріншіден, бұл жаңалық отбасын қорғауға бағытталған.

Атап айтқанда, «Неке және отбасы туралы» кодекстің 2-бабына дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді. Балаларды адамгершілік және рухани тұрғыда тәрбиелеу ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу рухында жүргізілуі тиіс.

Жаңа Заңда басқа да түзетулер бар, бірақ дәл осы ережелер стратегиялық мемлекеттік бағдар береді деп санаймын. Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген пікір — таза фейк болып табылады. Сондықтан аталған мәселе бойынша кез келген балама пайымдаулар негізсіз, ешқандай күмән жоқ: Қазақстан – тек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтауда қолдау көрсетеді!

Екіншіден, жаңа заң балаларымызды педофилдерден қорғайды. Бәлкім, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарламалар пайда болғаннан соң барша қауымды дүрліктірген, көптен күттірген шара шығар?! Десе де, енді олар өмір бойы түрмеге тоғытылады. Кішкентай балаларды өлтіргені үшін де дәл осылай.
Мұндай жаңалықтарды адамдар өте жіті қабылдайтындықтан, барша Қазақстан халқы қылмыскерлердің осылай ауыр жазалануын құптайды деп сеніммен айтуға болады.

Мұндай жаңалықтарды адамдар өте жіті қабылдайтындықтан, барша Қазақстан халқы қылмыскерлердің осылай ауыр жазалануын құптайды деп сеніммен айтуға болады.

Үшіншіден, тіпті 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 40 күнге қамауға алынатын жаңа жаза енгізіледі.

Түзетулер күшіне енген сәттен бастап балаларға жөнсіз қол тигізу, ұятсыз ұсыныстар білдіру және т.б. жазасыз қалмайды. Балалар мен олардың ата-аналары өз елінде өздерін қауіпсіз сезінеді.

Төртіншіден, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді.

Бұл шара пайда болған көптеген сайттарды, арналарды, чаттарды, суицидтік бағыттағы топтарды заң жүзінде бұғаттап қана қоймай, олардың ұйымдастырушыларын сыбайластарымен бірге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп тану мемлекеттің азаматтық қоғаммен бірлескен жеңісі болды.

Енді тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулікке дейін қамау түрінде жаза енгізіледі.

Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.

Алайда, бұзақының жәбірленушімен бірге тұруына тыйым салу секілді ерекше талаптар қою мүмкіндігі, біздің ойымызша, ең маңызды жаңалық болып отыр.

Аталған түзетулерді қабылдау іс жүзінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлігін, Әділ Қазақстан құру жолында  Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының тиімді жұмысын көрсетеді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago