Categories: Қоғам

Экс-тоқалдың мәлімдемелері: атақтылар туралы сұхбат соттауға себеп бола ма?

Белгілі заңгер Алмас Жұмағалидің айтуынша, әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатына сүйене отырып, бірнеше қылмыстық іс қозғауға болатынын айтады. Және соларды тізбектеді:

1) Кентал мен «командасының» есірткіге қатысы;

2) Ғабидолланың қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ма, әлде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу ма, оны тексеріс анықтау керек;

3) Болат Назарбаевтың миллиондаған қаржыларды оңды-солды шашуы, казинодан ұтылып қалған Қайрат Нұртас үшін 400 000$ бере салу (қаржының шығу тегінің заңдылығы анықталу керек).

Кокаин өте қауіпті және қымбат есірткі, сол себепті оның 1 граммы 3.07.2019 жылғы үкімет бекіткен жиынтық кестеге сәйкес аса ірі мөлшер болып есептеледі (суреттерді қараңыз). Ал енді осы аса ірі мөлшерде есірткіні өткізу, алу қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылатындықтан аса ауыр қылмыс болып табылады,

дейді заңгер.

Бұл қылмыс ескіріп қалған жоқ па?

Заңгер сондай-ақ қылмыстың мерзіміне назар аударды. Іс қозғауға мерзімі ескіріп қалмады ма деген сұраққа да жауап берді.

Бұл оқиға 2016-18 жылдары болған, одан бері 5-7 жыл өтті. ҚР ҚК 71-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес аса ауыр қылмыс жасаған соң 15 жыл өту керек (6-СУРЕТІ ҚАРАҢЫЗ). Демек, әлі де ескірген жоқ

дейді ол.

Бұл іспен кім айналысуы керек? Міндетті түрде арыз жазылуы қажет пе? 

Заңгер Алмас Жұмағалидің сөзінше, Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, қылмыстардың үш түрі болады: 

1) Жеке айыптау істері, яғни арыз жазбаса қозғалмайды, арызын кері алғанда бірден тоқтайды (мысалға, қорлау, ҚК 131-б.);

2) Жеке жариялы айыптау істері, яғни ол да арыз жазбаса қозғалмайды, арызды кері алса да бірден тоқтамайды, біраз шарттары бар (мысалға, зорлау, ҚК 120-б.);

3) Жариялы айыптау істері, яғни ешқандай арызды күтпейді, мәлім болған сәттен бастап іс қозғалады, тоқтамайды (мысалға, кісі өлтіру, ҚК 99-бабы).

Есірткімен байланысты қылмыстар нақ осы жариялы айыптау болып саналады. Ешқандай арызды күтпей тергеп тексеріледі.

Сонда құзырлы органдар қалай тергеп-тексереді? 

Заңгердің сөзінше, Қылмыстық процестік кодекстің 180-бабына (1-бөлім, 3-тармақ) сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар соталды тергеп-тексеруді бастауға себеп болып саналады. 

YouTube-арна БАҚ болып санала ма?

Алмас Жұмағалидің сөзінше, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі заңының 1-бабының 4-тармағы БАҚ деген не дегенде анықтама беріп, олардың қатарында «интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты… үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысанын» таниды. Демек, осы арнағасүйеніп, прокуратура, полиция,  Ішкі Істер Министрлігі тергеп тексеруге тиісті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago