Атақ және ақша

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай әйелін жаңа туған баласымен үйден қуып шыққан

Жазда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді деген ақпарат тарап, сурет-видеолар жарияланды. Ал әншінің өзі күні кеше бағдарламалардың біріне берген сұхбатында мұның бәрі түсірілім екенін айтты. Әлеуметтік желіде Жәмила есімді қыз Кенжебекке жазда тұрмысқа шыққанын, расында да, той болғанын айтты. Massaget.kz тілшісі Жәмиламен сұхбаттасып, шын мәнінде жағдай қалай болғанын сұрады.

Жәмиланың сөзінше, өзі де өнер адамы. Олар ортақ достары арқылы танысқан.

Біздің оқиғамыз былтыр қыркүйекте басталды. Ортақ музыкант таныстарымыз бар еді, солар арқылы таныстық. Таныстығымыздан кейін біраз уақыт өткен соң бір-бірімізге сай екенімізді, ғашық екенімізді түсіндік. Кенжебек шаңырақ көтергісі келді. Мен де оған дайын болып, отбасы боламыз деген ортақ шешімге келдік. Ол менің ата-анаммен танысып, әкемнің батасын алуға келді. Өзі де отбасымен таныстырды,

дейді ол.

Жәмиланың айтуынша, кейін олар той жасамақ болған. Бірақ тағы да кедергілер туындаған.

Тойды жаңа жылға дейін жасағымыз келді. Ата-аналарымыз сол сәтте келісімін бермеді. Себебі олар біз асығып кетті деп ойлады. Екіншіден, Кенжебектің айналасындағылар мен онымен шынайы ниетпен жүрген жоқ, ақша үшін жүр деп ойлады. Алайда екеуміз танысқан кезде оның «Шоколад» атты әні болмады. Ол маған арналған еді. Табыс, атақ — бәрі біздің таныстығымыздан кейін келді. Оған деген сезімім шынайы болды, ешқандай артық ойым болмады. Жаңа жылға дейін той жасамағанымыздың тағы бір себебі оның туысы қайтыс болған екен, жылы да өтпепті. Осылайша, біз тойды шегердік,

дейді ол.

Жәмила қаңтарда Кенжебек Меккеге барып, бір қызбен танысқанын айтады. Қазір ол — әншінің әйелі.

Сонымен қатар, Жәмилә өзінің ұзатуы 1 шілдеде, тойлары 2 шілдеде болғанын айтады. Кейін ол өмірге бала әкелген.

Ал баламыз туғанына небәрі 14 күн болғанда, демалыс күндері Кенжебек басқа қызбен мұсылмандық некесін қиып қойғанын білдім. Яғни балам туғанына он үш күн болғанда, ол бізді үйден қуып шығып, сол қызға барған. Кейін оның анасы немересін көруге келді. Сол кезде ол Кенжебек демалыста некесін қиғанын айтты. …Ол (Кенжебек — еск.) маған қол да көтерді. …Мен соңына дейін отбасымызды сақтап қалғым келді,

дейді Жәмила.

Олар заңды түрде де, мұсылмандық некесін де қимаған екен. Жәмиланың сөзінше, Кенжебектің командасы тойдың кезінде суреттерін салуға да рұқсат бермеген. Олар әншінің аудиториясы көбіне қыздар екенін, сондықтан қызығушылық жоғалып кетуі мүмкін екенін айтыпты.

Ол (Кенжебек — еск.) бізді қумай тұрып, қарым-қатынасымыз аяқталатыны түсінікті болды. Себебі заңды түрде неге қиған жоқпыз. Себебі ол «оның ешқандай мәні жоқ» деп, оған мені де сендірді. Осылайша, мұсылмандық некемізді де қимадық. Жай ғана бірге тұрдық. Отбасы екенімізді көрсететін ешқандай дәлел керек болмады. Бірақ кейін намаз оқып, қаңтардан бастап сол қызбен араласа бастады. Олар бір-біріне жазып, көрісіп тұрды. Исламда үш рет кездесу керек, үш кездесуде бәрі айқындалады да, ер адам дәстүрге сай қызды әйелдікке алады. Бірақ бәрі басқаша болды. Ол өз ісінің бәрі дұрыс деп жүрді. Мені, өз баласын тастап кетті,

дейді ол.

Жәмила босанған сәт те отбасылық осындай мәселелерге байланысты ауыр өткенін, көп қан жоғалтқанын айтады.

Бүкіл шындықты ашқым келеді. Мен ерте босанып қалдым. Жүктіліктің 38-аптасында босандым. Өйткені соңғы екі аптасында қатты күйзелісті бастан өткердім,

дейді Жәмила.

Ал балаға Жәмиланың өз тегі беріліпті.

Балаға тегі мен әкесінің атын берерде де қиындық туындады. Мен оған өз тегімді бердім. Себебі Кенжебек мені қуып шыққан соң балаға ақшасы жоғын айтты, осылайша, мемлекеттен жәрдемақы алуым керек болды. Бірақ сол кезде көлік алып жатты. Ал мені баламен үйден қуып шыққаннан кейінгі күні олар мұсылмандық некелерін қиып отыр,

дейді Жәмила.

Жәмила бұл шындықты ашық айтуына өз атына, отбасының абыройына нұқсан келіп жатқаны себеп болғанын жеткізді.

Ол Алматыда концертін өткізген соң қазір отбасы барын, мұсылмандық некесін қиғанын, Меккеде танысқандарын айтып, сұхбат берді. Түсінуімше, маған қатысты оқиға «Шоколад» әніне клип екенін айтыпты. Бірақ мұның бәрі өтірік қой. Мен бұған дейін оған «халыққа бірге емес екенімізді, бала барын, бірақ қасымызда емес екеніңді қалай жеткізесің, жұрт сені басқа қызбен көріпті, маған да жетіп жатыр, шешейік» дегенімде, ол «бәрі өзара шешілген» дегісі келді. Бұл маған ұнамады. Себебі бұл ортақ шешім емес еді, мен ажырасқым келмеді, бала әкесіз өскенін қаламадым. Отбасымды сақтап, онымен қарым-қатынасымды түзегім келді. Бірақ сол сұхбатты көргеннен кейін онымен сөйлесу, бірдеңе сұрау мәнсіз екенін түсіндім. Ол бәрін өзі қалағандай істейді. Бірақ бұған дейін одан хабардар етіп отыруын сұрадым. Мен сол қызбен некесін қиғанға дейін Кенжебекпен арақатынасымды сақтап қалғым келді. Бірақ некесін қиғанын білген соң күйеуім ретінде жіберуді ұйғардым. Бірақ ұлымыз үшін жақсы қарым-қатынаста қаламыз дедік. Біз біраз уақыт жақсы сөйлесіп тұрдық, балаға арба сатып алып беруге уәде берді. Ал сұхбат туралы білген кезде «бүкіл халыққа арамыздағы жағдай туралы неге өтірік айттың» деп хабарластым. Ол жоғалып кетті, Telegram-да сөйлескен парақшасын жауып тастаған. Содан кейін байланысқа шықпады, уәдесінде де тұрмады,

деп түйіндеді әңгімесін ол.

Әнші, музыкант Кенжебек Нұрдолдай Ақмола облысының Ерейментау қаласында дүниеге келген. Туғаннан көзі көрмейді. Ол Қарағандыдағы арнайы интернатта оқыған. Кейін колледжге «эстрада-вокал артисі» мамандығы бойынша оқуға түскен.

Кенжебек Нұрдолдай былтыр тележүргізуші Андрей Малаховтың «Песни от всей души» бағдарламасына қатысқан еді. Қазақстандық әнші бағдарламада Мүсілім Магомаевтың «Мелодия», «Браво» тобының «Любите, девушки» әндерін шырқап, көпшілікті тәнті етті.

Айта кетейік, тілші мақалада айтылған деректерді әншінің Жәмила есімді бұрынғы жарының ақпараты негізінде дайындады. Алайда ақпаратты нақтылау үшін Кенжебек Нұрдолдаймен байланысуға тырыстық, әлі де әншімен байланысқа шығу үшін әрекет жасалып жатыр. Мақалада жазылған ақпарат редакция пікірі емес, кейіпкердің басынан өткен мән-жайлар баяндалған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago