Заңсыз мигранттар Қазақстанның қай аймағында көп?

Биыл елімізде көші-қонды заңсыз ұйымдастыруға байланысты 66 қылмыс тіркелді. Көші-қонды заңсыз ұйымдастырудың ең көп фактісі Жамбыл облысында тіркелді. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Биыл қаңтар–тамыз айларында елімізде көші-қонды заңсыз ұйымдастыруға қатысты 66 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 19,5%-ке аз.

Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде республика бойынша 82 заң бұзушылық тіркеліп, жылдық өсім 43,9% болған еді.

Көші-қонды заңсыз ұйымдастыру бабы бойынша құқық бұзушылар саны биыл 18,6%-ке азайып, 48 адамға жетті.

Көші-қонды заңсыз ұйымдастырудың ең көп фактісі Жамбыл облысында тіркелді: 17 құқық бұзушылық дерегі бар, бірақ бұл бір жыл бұрынғыдан 34,6%-ке аз.

Одан кейін Алматы қаласы: 11 дерек, жылдық өсім бірден 57,1%-ке жетті. Артынша Түркістан облысы: 9 дерек, былтырғыдан 18,2% аз.

Құқық бұзушылықтардың ең аз саны Ақмола облысы мен Астанада тіркелді: әрқайсында бір деректен. Сонымен қатар жаңадан құрылған үш облыста (Абай, Жетісу және Ұлытау), Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында бірде-бір дерек тіркелген жоқ.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, бірінші жартыжылдықта әкімшілік құқық бұзушылықтар саны бір жылда бірден 2,1 есе өсіп, 48,6 мың іске жетті.

Өздеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылған тұлғалардың саны — 47,3 мың адам.

28,7 мың адамға ескерту берілді, 12,9 мың адамға әкімшілік айыппұл салынды. 2,6 мың адам әкімшілік қамаққа алынды. 3,2 мың шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам республикадан шығарылды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago