«Залалды қалпына келтіруге бір ғасыр керек»: мамандар Қостанай облысындағы өрттің салдарын бағалады

Экология министрлігі Қостанайдағы тілсіз жаудың табиғатқа келтірген шығынын есептеп жатыр. Жауапты ведомство отқа оранған ағаштарды қайта отырғызып, орманды жасыл желекпен көмкеруге қыруар қаражат пен ұзақ уақыт кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаевтың айтуынша, Қазақстан сияқты орманы аз мемлекет үшін бұл апаттың салдары ауыр болғалы тұр.

Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының ауданы 1,1 миллион гектар, оның ішінде орманмен жабылған ауданы 270 мың гектар. Біз мамандардан қалпына келтіру туралы сұрадық. Ол үшін өрт болған аумақты түгел тазалап шығу керек екен. Одан кейін ағаштар егіліп, қайта қалпына келуге біраз жыл қажет. Оны алдағы уақытта есептеп айтамыз. Қазақстан орманды мемлекет емес. Жаңылмасам, еліміздің 5%-ы орманмен қамтылған,

дейді Олжас Беркінбаев.

Қостанай облысында ауданы 300 мың гектарға жуықтайтын жасыл желекті алқап елдегі ең қалың орман саналады. Қызыл жалынның құрсауында қалған жасыл алқапта көктерек, қайың, қарағай ағаштары өскен. Сондай-ақ 158 түрлі құс мекендеген. Оның 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына еніпті.

Ал тұяқты жануарлардан бұғы, елік, марал, бұлан кездеседі. Өрт күш алғанда қашып үлгермей қырылып қалған құс пен жануардың нақты саны әзірге белгісіз. Қазір орманда жалын әлі толық ауыздықталған жоқ.

Мамандар аумақты күл-қоқыстан толық тазартуы тиіс. Сосын ағаштарды қайта отырғызу жұмысы жүргізіледі. Экобелсенділер тал-теректің өсуіне кемі 15 жыл керек дейді. Ал табиғатқа келтірілген залалды толығымен қайта қалпына келтіруге бір ғасырға жуық уақыт кететінін жасырмайды.

Экобелсенді Сәкен Ділдахмет осындай өрттің салдарынан жыл сайын фаунаның бүкіл әлемде 50%-ы өліп жатады, бұған көп жағдайда адамдардың өздері кінәлі деген пікірді айтады.

Негізі орманды қалпына келтіруге көп жыл керек. Ағаштар оннан он бес жылға дейін өседі. Жалпы экожүйеге сүйенсек, орманды қалпына келтіруге 70 жылдан 150 жылға дейін уақыт керек. Әрине, табиғатқа өте үлкен зардабы келді. Жыл сайын орман өртінің салдарынан фаунаның бүкіл әлемде 50%-ы өліп жатады. Кез келген орман өрті 90%-ға адамдардың кесірінен туындайды. Бұл қарапайым техникалық ережелерді сақтамаудан,

дейді экобелсенді Сәкен Ділдахмет.

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы ақпараты бойынша Қостанай облысында жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago