Фото: ашық дереккөзден
Тұран одағын құруға түрткі болатын тағы бір маңызды қадам жасалды. 65 млн адамы бар аймақтың бұдан былай көлік саудасының көркін қыздыратын төл нарығы бар.
Dalainside күні кеше құрылған «Түркі автопромына» қатысты тың мәлімет тапты.
Өткен жылдың соңына таман Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның көлік өндірушілері тізе қосып, жаңа көлік альянсын құрғанын мәлімдеген.
Потенциалы зор, келешекте аясы ұлғая түсетін ұйымның құрылуына өзбектің UzAuto Motors-ы ұйытқы болғанын айта кетуге тиіспіз.
Бұдан былай Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» орыстың салдыр-күлдір Lada Granta-сы емес, арғы тегі америкалық, алайда бөлшектері Ташкенттен жеткізілетін Chevrolet Onix-ті құрастырады
UzAuto сықпыты салиқалы, салоны кең, комфортты седанның өндірісін биылғы жылдың көктемінде бастап кетпек. Бұл қатарға кейіннен Баку да қосылады.
Өзбектердің амбициясы асып-тасып тұр. Жылына 30 мың «Ониксті» Lego секілді ойнап жүріп құрастырамыз дейді. Қазақстанның арғы-бергі тарихында мұндай көлемдегі көлік бұрын-соңды өндірілген емес. Ал өзбек жерінде Қазақстанның нарығына бейімделген «запчасть» орталығы ашылады.
UzAuto мен Қазақстан Даму банкінің келісімі шеңберінде Қостанайдағы зауытқа алдағы жылдары 570 млн доллар инвестиция құйылады.
Өзбектің көлік құрастырудағы көшбасшы компаниясы орыстың автопромын отандық нарықтан ығыстырып шығарады деген болжам жоқ емес.
Орыстар ше? Олар «Ониксті» түсінде ғана көреді.
UzAuto-ның төбе басында (директорлар кеңесінде) GM-ның топ-менеджерлері отыр.
Америкалық концерн UzAuto-ны кіндік Азиямен шектейді. Қазақстанның көмегімен санкцияны айналып өтіп, ресейлік нарыққа шығуға жол бермейді,
дейді дереккөз.
Ресейліктер қалтаға салмақ салмайтын импортты көліктерге сусап отыр. Теріскей көршімізде Hyundai Solaris-тің өндірісі тоқтаған, есесіне осы көліктің шанағы (кузовы) жетіп артылады. Бұларды Қазақстанға жеткізіп, Hyundai Accent құрастырып шығады да, кейін қайтадан Ресейге кіргізеді екен.
Бұдан кейін көлік бағасы да шарықтап шыға келеді. Ресейге Accent деген атпен кіретін Hyundai көліктері біздегімен салыстырғанда 3-4 млн теңгеге қымбат.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…