Categories: Саясат

Өзбекcтан Ресейден «құпия бағаға» газ сатып алмақ

Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмұдов Ресейден сатып алатын газ бағасын жариялауға болмайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бағаны белгілеу кезінде «нарық бағасы мен ұлттық мүдде» ескерілген.

16 шілдеде Петербург халықаралық экономикалық форумында Өзбекстан үкіметі мен ресейлік «Газпром» газ саудасы туралы келісімге қол қойды.

Ресей 1 қазаннан бастап көгілдір отынды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізе бастайды.

Келісім екі жылға жасалған. Ресей Өзбекстанға тәулігіне 9 млн текше метр, ал жылына шамамен 2,8 млрд текше метр газ сатады.

Қыста Өзбекстан энергетикалық дағдарысқа тап болды. Қақаған аязда газ табылмай қалды. Соның салдарынан жылу мен газ беру тоқтады.

2022 жылғы қарашада Ресей Өзбекстан мен Қазақстанға «үштік газ одағын» құруды ұсынған. Сол кезде Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмұдов Ташкент «газ үшін саяси байлам жасауға ешқашан бармайды» деп мәлімдеген.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago