Categories: Саясат

Өзбекстан Мәскеуге қарамай, АҚШ-пен саяси диалог жүргізуде

АҚШ Өзбекстанмен белсенді түрде сындарлы саяси диалог жүргізуге дайын. 29 қарашада Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Фуркат Сыдықов пен АҚШ елшісі Джонатан Хеник кездесуінде осындай мәлімдеме жасалды.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесуде өзбек-америка стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы сөз болды. Тараптар жоспардағы іс-шараларды, соның ішінде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік диалогының кезекті отырысын талқылады.

Сонымен бірге диалог барысында сауда мен инвестиция, инновация, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа да салалардағы қарым-қатынастарды нығайту жөнінде ұсыныстар қаралды.

Елші Хеник АҚШ әкімшілігі Өзбекстанға қаржылай, техникалық көмек көрсете беретінін, коронавирус індетімен күресте қайтарымсыз көмегін аямайтынын айтты.

Бұның алдында Ресей мемлекеттік думасының баспасөз қызметі спикер Вячеслав Володин Өзбекстанға АҚШ-пен әріптестігінің салдары жөнінде ескертті деп хабарлаған. Володиннің мәлімдеуінше, «АҚШ пен оның Еуропадағы стратегиялық әріптестері арасындағы қарым-қатынастың нәтижесі Өзбекстан үшін Вашингтонмен әріптестігінің салдарын бағалауға мысал болады».

Дума таратқан мәліметке қарағанда, Володин Еуропа үшін мұндай «стратегиялық әріптестіктің соңы» экономикадағы проблемалармен аяқталды деген.

«Мұндағы адамдар дана, сауатты — бұның салдары немен аяқталатынын түсінеді»,

деген АҚШ өкілдерінің аймаққа жиі келетініне қатысты пікір білдірген Дума спикері.

Володиннің Өзбекстан мен АҚШ әріптестігі төңірегінде сес көрсете сөйлегені әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылардың дені спикер сөзін егемен мемлекеттің ішкі ісіне араласу деп бағалаған.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago