Өзбекстанда 30-дан астам адам иіс тиіп қайтыс болды

Өзбекстанда қарашаның аяғында басталған энергетика дағдарысы салдарынан отыздан астам адам қайтыс болды, олардың арасында балалар да бар. Өзбекстанда екі аптада 30-дан астам адам иіс тиіп қайтыс болды.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, қайтыс болғандардың 15-і кәмелет жасқа толмаған. Олардың басым бөлігі иіс тиіп қайтыс болған.

Бұл уақытта әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде жылу мен газдан ажыратылған перзентханаларда жаңа туған сәбилер мен аналар жаурап жатқаны жөнінде видео тарады.

БҰҰ Балалалар қорының (ЮНИСЕФ) Өзбекстандағы өкілділігінің басшысы Мунир Мамедзаде Азаттықтың Өзбек қызметіне бала өміріне алаңдайтынын айтты.

Әр баланың тағдыры маңызды. Қатаң қыстың балаға әсеріне алаңдап отырмыз, ал әлемде энергетика дағдарысы болып жатыр. Біз отбасы мен қоғамды адам улайтын түтіннен сақ болуға, бала өміріне бейжай қарамауға үндейміз,

дейді Мунир Мамедзаде.

11 желтоқсанда Қашқадарияда 13 жастағы бала иіс тиіп қайтыс болды, ал оның 9 жастағы інісі және 11 жастағы қарындасы ауруханаға түсті.

10 желтоқсанда Қашқадариядағы Қарши ауданына қарасты «Дашт» махалласында бір отбасының үш мүшесі иіс тиіп қайтыс болды. Екі күн бұрын, 8 желтоқсанда Хорезм облысы Янгибазар ауданында бір отбасының екі мүшесі иістен өлді.

Ал 5 желтоқсанда Бухарада бір отбасының бесмүшесі иіс тиіп қайтыс болды.

Қайғылы оқиғалардың бәрі жергілікті баспасөзде жазылды. Өзбекстанда иіс тиіп өлгендер туралы ресми статистика әзірге жарияланған жоқ.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago