Экономика

Өзбекстанда нан бағасы бізге қарағанда неліктен 1,5 есе арзан?

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанда ұн бағасының не себепті қымбаттап кеткендігін түсіндіре алмады. 

Сенатттың жалпы отырысынан соң министр орынбасары Қайрат Төребаев журналистердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілі Қазақстанда ұн мен нан өнімдері көрші елмен салыстырғанда қымбат екенін, Өзбекстан Қазақстаннан бидай сатып алса да, ол жақта нан бағасы 105 есе төмен екенін айтты. Алайда вице-министр бұл сұраққа жауап бере алмады. Оның айтуынша, бұл – ішкі сауда мәселесі. 

Сіз ішкі саудаға қатысты сұрақ қойып тұрсыз. Біздің ел нарықтық экономиканы ұстанады, ұнның барлық экспорттаушы-өндірушілері өнімді экспорттау немесе елдің ішінде сату туралы шешімді өздігінен қабылдайды. Сұрағыңызға жазбаша жауап береміз,

деді вице-министр сенат кулуарында өткен брифингте.

Қайрат Төребаев еліміздің эскорптқа шығаратын 47%-дан астам бидайына қарамастан, Өзбекстан мемлекетімен салыстырғанда нан өнімдерінің бағасы не себепті 100 теңгеге қымбат екендігін де айта алмады. 

Бұл жерде электр энергиясы, салық және өзге де шығындар бар, әуелі соларды есептеу керек. Бұл жерде Өзбек наубайханалары мен Қазақстандық наубайханаларының шығын көлемін қарастыру қажет. Екіншіден, өнімді салыстыру керек. Қазақстандағы нан сапасы мен Өзбекстандағы нанның сапасы қандай? Сондықтан бұл жерде мәселе өте күрделі. Бізге нақты қай жерлерде нан бағасы қанша екендігі туралы нақты статистиканы көрсетсеңіздер, біз салыстырып көремсіз,

деді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago