Categories: Қоғам

Өзбекстанда тоқал іздеген еркектер көбейді. Қыздар да кетәрі емес

Өзбекстанда «Совчилар» (Құдалар) деп аталатын топтар мен Телеграм арналар танымал болып келеді. Бұл шетелдік танысуға арналған Tinder қосымшасымен пара-пар. Алайда Tinder-де көбі қарым-қатынас үшін танысса, өзбектсандық «Совчилар» топтарында тек үйлену үшін қалыңдық пен күйеу іздейді. Оларға бірнеше ондаған мың адам жазылған, деп хабарлайды upl.uz басылымы.

Бір қызығы, соңғы уақытта өзбекстандықтар жиі тоқал іздей бастаған. Осыған ұқсас топтар мен арналарды шолып шықса, әрбір екінші хабарландыру екінші әйел іздеу туралы екенін көруге болады. Сондай-ақ, күйеу іздеген қыздар да көп, және олардың көбі екінші әйел болуға дайын.

Ташкент тұрғыны Гүлчехра Агзамованың айтуынша (азаматшаның өтініші бойынша аты-жөні өзгертілген) Өзбекстанда тұрмыс құруға қысым өте жоғары, сондықтан тұрмысқа шықпаған қыздар «отырып қалмас үшін» екінші әйел болуға да көнеді.

Мен 24 жастамын және маған құда түсіп ешкім келмей жатыр. Қазіргі әлемде әйелдер өздері қалаған кезде тұрмысқа шыға алады, ал бізде мұндай үрдіс жоқ. Менің ата-анам қатты уайымдап жүр және мен оларды ұятқа қалдырдым дейді. Бұл жағдайдан шығу үшін мен өз анкетамды «Совчилар» телеграм-арнасына тіркедім. Мен эмоционалды түрде шаршағаным сонша, екінші, тіпті үшінші әйел болуға дайынмын. Күн сайын көршілерімнің, туыстарымның және тіпті ата-анамның әңгімелері мені депрессияға ұшыратады. Бізде қыздың күйеу іздеуі оғаш нәрсе, керісінше болуы керек. Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар балаларын түсінбейді және оларға қысым жасайды.  Нәтижесінде, қыздар кез келген адамға тұрмысқа шығуға келіседі, бастысы — күйеуге тию және отбасын масқараламау,

деді Агзамова.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago