Categories: Саясат

Өзбекстанның бұрынғы басшысы Рафик Нишанов қайтыс болды

Өзбекстанның бұрынғы басшысы Рафик Нишанов қайтыс болды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Ол 97 жаста болған. Нишанов совет одағы құламай тұрып Өзбекстанды бір жарым жыл басқарған. 

Басылымның мәліметінше, марқұм Нишанов саяси карьерасын компартиядан бастаған, Ташкент қалалық атқару комитетіне жетекшілік еткен. Өзбек компартиясының идеология жөніндегі хатшысы болған. Совет билігі тұсында Шри-Ланка, Мальдив Республикасы мен Иорданияда елші болған. 

Өзбекстан ССР сыртқы істер министрлігін басқарған, кейін республика парламентіне төрағалық етті. 1988 жылы Өзбекстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Оның алдында Өзбек ССР жетекшісі Инамжон Османхожаев жемқорлық бойынша айыпталып, қызметінен босатылған. Республикада түрлі деңгейдегі бірнеше мың басшы қамалған. 

1989 жылы Нишанов республиканы басқарып тұрған тұста Ферғана аңғарында өзбектер мен месхет түріктер арасында қанды шайқас болды. Сол кезде Нишанов Мәскеуде қақтығыс «бір тәрелке құлпынайдан» туындады деп мәлімдеп, сол үшін сынға қалған. 

Ферғана аңғарындағы қақтығыстан 103 адам қаза болған, 16 мың месхет түрік аймақтан эвакуацияланды. Жыл соңына дейін аймақта коменданттық тәртіп күшінде болды. Екі жыл ішінде Өзбекстаннан осы ұлттың 90 мыңнан астам өкілі басқа жаққа қоныс аударды. Ол кезде Өзбекстандағы билік Нишановтың «адамы» болашақ диктатор Ислам Каримовқа өткен еді.

Нишанов Мәскеуге жіберіліп, жоғарғы кеңестің екі палатасының бірі ұлттар кеңесіне жетекшілік етті. Ол СССР-ды сақтауға тырысқан жаңа одақ туралы келісім бойынша бастама көтергендердің бірі атанған. Алайда көп ұзамай СССР құлады. Бұдан соң ол зейнеткен шығып, Мәскеу тұрып, мемуарлар жазды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago