«Бәрі барлық жерде және бір уақытта» (Everything Everywhere All at Once) фильміндегі рөлі үшін Мишель Йео «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. 60 жастағы малайзиялық актриса «Оскар» алған тұңғыш азиялық әйел.
«Оскар» тарихында алтын әріптермен жазылатын актриса қай елдің тумасы және Голливудқа қалай келді? Бүгінгі біздің материалымызда.
Мишель Йео – малайзиялық актриса және сұлулық байқауларының қатысушысы. Ол 90-жылдары Гонконгтағы экшн-фильмдердегі рөлдерімен танымал болды. Жанкүйерлер оны «Ертең ешқашан өлмейді» (1997), «Ұрланған жолбарыс, жасырылған айдаһар» (2000) және «Жұлдыздар жолы: Дискавери» (2017-2020) сияқты көптеген фильмдердегі актерлік рөлдерінен біледі.
Сонымен қатар, ол ұлттық және халықаралық марапаттарға ие: «Жасырын айдаһар» фильміндегі басты әйел рөлі үшін BAFTA сыйлығына үміткер, Азия киносының дамуына қосқан үлесі үшін Азия киноакадемиясы сыйлығының иегері. «Оскар» (2023), «Алтын глобус» және АҚШ киноактерлер гильдиясының екі сыйлығының иегері, сонымен қатар «Бәрі барлық жерде және бір уақытта» ғылыми-фантастикалық фильмінде басты рөлді сомдағаны үшін BAFTA және «сыншылардың таңдауы» номинанты.
Актриса 1962 жылы 6 тамызда Малайзияда, Ипоха қаласында дүниеге келген. Толық есімі – Мишель Йео Чу-Кхенг. Әке-шешесі жергілікті этникалық қытайлықтар. Әкесі MCA заңгері және саясаткері болған және танымал Sri Maju автобус экспресс қызметін құрған.
Мишель Йео Ипоханың қыздарға арналған бас шіркеу орта мектебінде оқыған. Содан кейін ол ата-анасымен бірге Ұлыбританияға көшіп, 15 жасында интернатқа оқуға түседі. Сонымен қатар, ол 4 жасынан бастап бимен айналысқан. Биге деген қызығушылығы оны Ұлыбританияның Корольдік академиясына оқуға түсуге мұрындық болады. Лондон би академиясының балет саласында маманданады. Бірақ омыртқа жарақатынан кейін хореографияға ауысады. Содан кейін ол драмалық өнер саласында бакалавр дәрежесін алады.
Мишель Йео 1983 жылғы «Малайзия аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы. Сәйкесінше 1983 жылы Лондонда өткен «Әлем аруы» байқауында ол Малайзия атынан қатысты. Сол жылы ол Австралияға басқа сұлулық байқауларына қатысу үшін аттанып, Тынық мұхиты патшайымы мен Мумба ханымы атақтарын жеңіп алды.
Осыдан кейін ол актер Джеки Чанмен бірге көптеген жарнамалық науқандарға қатысты. Осы қарқынмен экшн және жекпе-жек фильмдерде актерлік мансабын бастайды.
1988-1992 жылдары Мишель Йео гонконгтық кәсіпкер Диксон Пунмен тұрмыста болатын. Ерлі-зайыптылар ажырасқанына қарамастан, ол бұрынғы күйеуімен және оның екінші әйелімен жақсы қарым-қатынаста, олардың қызына кіндік шеше.
2004 жылы екінші рет FIA президенті Жан Тодқа тұрмысқа шыққан.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…