Фото: Almaty.tv
Алматы облысындағы Жібек жолы ауылының тұрғындары көмек сұрады.
«Балалары қараусыз тастап кетті» деген әңгіме шыққан үйдің маңына жиналған жұрттың айтуынша, қарттардың баласы мен туыстары бүгін келген. Көршілері «арбаға таңылған әжей дауыстап көмек сұрайды, ал ақсақал көрінбегелі 20 күндей өтті» дейді. Олардың айтуынша, туған ұл-қызы зейнетақы түскенде ғана келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Баласы бар. Екеуі «зейнетақыны алып кетті» деп жылап отырады. Ал қызы, кемпір арбасымен әркімге жалынып барса, сол күні қуып жібере ме, білмедім. Кемпір қайтып келеді. Көршілердің бәрі жаман атты болды,
деді көршісі Базарбике Жамалова.
Таңғы сағат 7:30-дан бастап көмек сұрап, айқайлайды. Жақын тұрамыз, жағдайы ауыр. Бұрын ата жүретін. Осы 20 күн болды, үйден шықпай қалды, азып кеткен. Тамақ жей алмай жатыр. Апа қарай алмайды. Ол құлап қалса, арбасына отырғызамыз. Қарайтын адам жоқ, күндіз жұмыс істейміз,
деді көршісі Гұлнұр Қисықбасова.
Ал зейнеткерлердің туған ұлы «қарттар қараусыз қалды» дегенді жоққа шығарды. «Күйе жаққаны үшін, үйге кіргені үшін» бейнежазбаны түсіргендерге арыз жазбақ.
Атырауда жұмыс істеймін, 15 күн үйде болмадым. Бірақ әпкем қараған. Ол шығып кеткенде камераға түсіріп кеткен ғой. Ол кісілердің үстінен әпкем арыз жазады, дейді баласы Мәлік Байсамбеков.
Оқиға орнына ауылдың әкімдік өкілі келді. Шенеунік «ата-әжеге қолдан келген көмекті беріп жатырмыз» деп сендірді.
«Бұл кісілер аш отыр» деген соң, азық-түлік алып келдім. Әкімдік тарапынан бәрі ұйымдастырылды. Медициналық көмек беру үшін дәрігерлер апта сайын келіп тұрады. Дәрісін беріп тұрады, одан артық оларда да мүмкіндік жоқ,
деді Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев.
Әкім орынбасарының айтуынша, қарияны ауруханаға жатқызған. Ал оларды қарттар үйіне өткізу үшін балаларының рұқсаты керек. Бірақ ұл-қызы да, жақын туыстары да қарсылық танытты.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…