Categories: Экономика

Зейнетақы жинақтарымызды өзіміз қалай басқарамыз

Бұдан былай қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын өз бетінше басқара алады. Яғни, Сіз бен біз шілде айынан бастап өз жинағымыздың тең жартысын басқарушы компанияға аудара аламыз деген сөз. Бізге бұл қандай мүмкіндік береді? Жеке компания жинақ қорымызды тапсыратындай қаншалықты сенімді? Қаржылық Сауат арнасы біліп көріпті.

Зейнетақы дегеніміз не? Ол – белгілі бір статусқа ие болған, мысалы, зейнет жасына толған азаматқа тұрақты беріліп тұратын ақшалай төлемақы. Бұрын ол «Базалық зейнетақы» деп аталатын. Сол кезде зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленді.

2018 жылы ол тәртіп өзгерді. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында» (БЖЗҚ) бәрімізге зейнетақы шоты ашылды. Сол шотқа әрбір жұмыс беруші тарап қол астындағы қызметкерінің шотына айлық табысының 10%-ын аударып отыруға міндет алды. Содан қазір зейнетақы жинағымыз қалыптасып отыр. Ол сіз бен біздің ақшамыз. Оны актив деп те айтуға болады.

Енді осы Қорда жиналып жатқан жинағымыздың тең жартысын инвестициялық компанияларға беруге қақымыз бар. Жалпы, мұндай мүмкіндікті мемлекет 2021 жылы ұсынған болатын. Бірақ, ол кезде аударуға рұқсат етілген жинақ сомасында шектеу болды. Яғни, ол кезде жинағымыздың көп бөлігін бере алмайтын едік.

БЖЗҚ өкілі Олжас Есжанов активтерді басқару саласында да бәсекелес орта қалыптасып келе жатқанын айтады.

Қазақстандықтар бірте-бірте болашақ зейнетақыларының көп жағдайда өздеріне тәуелді екенін, жинақтарын басқаруға мүмкіндік бар екенін және олардың көбеюіне ықпал етіп, инвестициялық табыстың өсуін бақылап, төлем алу көзін таңдауға болатынын түсіне бастады. Салымшылар енді түрлі инвестициялық стратегиялар арасынан таңдау жасай отырып, жинақтарын өздері қалаған инвестициялық портфельді басқарушыға аудара алады,

Олжас Есжанов, БЖЗҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің бас маманы.

Зейнетақы активтерін басқаруға алатын жеке инвестициялық компаниялардың саны көп те емес. Бар болғаны – бесеу. Олар:

  • «Jusan Invest» АҚ
  • «Halyk Global Markets» АҚ
  • «BCC Invest» АҚ
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ
  • «Halyk Finance» АҚ

Бұл компаниялардың қолына қазақстандықтардың жинағын сеніп тапсыру үшін мемлекет, яғни, БЖЗҚ сенімгерлік басқару туралы шартқа отырды. Бірақ, сол бес компания арасынан таңдауды азаматтың өзі жасайды.

2021 жылдан бері инвестициялық портфельді басқарушыларға 8,9 млрд теңге аударылған. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңге. Сөйтіп БЖЗҚ 5 мың 968 өтінішті орындап шығыпты. Бұл – биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген ресми статистика.

Зейнетақы жинағыңызды басқарушы компанияға беру-бермеу – өз еркіңіз. Мемлекет міндеттемейді. Ал, беруге шешім қабылдаған жағдайда, салымшы ретінде БЖЗҚ-ға жүгінесіз.

Бұл ретте жинағымызды сенімгерлік басқаруға алған компания да пайда көретінін ескеру қажет. Егер жыл соңында тапсырған активтеріміздің табысы құлдырайтын болса, онда басқарушы компания оның орнын өз есебінен жабады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago