Фото: ашық дереккөзден
Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетініне қатысты екіұшты пікір айтқан болатын. Яғни, Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес береді.
Deutsche Welle басылымында жарияланған жазбада Украина президентінің қарсы шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді, соның ішінде Қырымды да қайтарып алатыны сөз болған.
Депутаттың шағын пікірі әлеуметтік желіде қызу пікір талас тудырды. Қазақстандықтар Башинскаяны Ресей мен Путиннің саясатын қолдады деп айыптады.
Мәслихат депутаты Анна Башинская сол пікірінен кейін Facebook парақшасында көпшіліктен кешірім сұрап, Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбай пікір қалдырғанын айтты.
Бүгін депутат пікірі Amanat партиясының ресми ұстанымымен сай келетінін, әлеуметтік желіде дау тудырған пікірі орынсыз болғанын айтып, депутаттық өкілеттігінен бас тартатынын жеткізді.
Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Анна Башинскаяның қолында 6 миллиард теңгеден асатын жүзге жуық мемлекеттік келісімшарты бар болып шықты.
Кәсіпорынның ірі келісімшарттары Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен, Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасымен, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен, «Алматы жылу желілері» ЖШС-мен жасалған.
Осындай келісімдерге қарағанда, депутат тең құрылтайшы болып табылатын «LEU» фирмасы Ганди саябағын, Иманов алаңын, Ганди саябағының батысындағы скверді абаттандырумен және Әуезов ауданындағы жасыл желектерді қорғаумен айналысып жатыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…