Руханият

Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды

Танымал әнші, хит әндердің авторы Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлады. 

Өнердегі әріптестері әншіні туған күнімен жарыса құттықтап жатыр. Ал өзінің жолын қуған ұлы Әбілқайыр (Абик) әкесінің туған күнімен ерекше құттықтады. 

Әкелік тәрбие маған өмірде темірқазықтай жол көрсетіп, бағдаршамдай бағыт сілтеп келеді. Бойыңдағы өжеттілік пен қайсарлықты, мейірімділік пен байсалдықты, кеңпейілділік пен жомарттықты, өмір мен музыкаға деген құштарлықты өз бойыма сіңіріп келем. Әлі де өзіңнен үйренеріміз көп. Сенің жанымызда жас жігіттей жарқырап, жүзіңнен күлкі кетпей, жанымызда жадырап жүргенің, жанға тыныштық ұялатып, қамқорлықтың бар екенін сездіреді. Отбасымыз аман, деніміз сау боп, мама екеуіңіз ұзақ, бақытты ғұмыр кеше берулеріңізді тілеймін!
Шабытыңыз таусылмай, халықтың ылғи ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп, биік шыңдардан әрдайым көрініп, көз алдымызда күліп ойнап жүре беріңіз, “Үлкен жігіт” боп өсе беріңіз! Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға!

деп жазды Абик.

Желі қолданушылары ердің жасы елуге толған сүйікті әншілерін құттықтап жатыр. Кейбірі жарты ғасыр жасаған әншінің жақсы сақталғанын айтады. 

  • “Нағыз “әке мен бала” деп көрсететін жандар”,
  • “Жұбаныш балаларына жақсы тәрбие беріпті”,
  • “Сіздерге сүйсіне қараймын”,
  • “Әкеңіз – біртума талант”,
  • “50 толған адамға ұқсамайды, жас көрінеді”,
  • “Абик әкесінен аумай қалыпты”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago