Енді электрондық үкімет порталы арқылы теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыруға өтініш берерде биометриялық сәйкестендіру рәсімінен өтуі қажет. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің бұйрығында жазылған.
Жүргізуші куәлігін алуға тапсырғанда емтихан кезінде мұндай рәсімнен үш рет өтеді: емтихан алдында, емтихан кезінде және емтихан аяқталған соң.
Теориялық емтихан тапсыруға арналған сыныптар сигналдарда басуға арналған арнайы жабдықтар, бейнебақылау камералары мен емтиханның таза өткенін қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталуға тиіс.
Теориялық емтихан өткізгенде кандидат материалдар алмасып, теориялық емтихан тапсыру залынан шығып, қағаз, электрондық тасымалдағыштардағы ақпаратты және қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдаланса, емтиханды қабылданбайды. Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұзу туралы акт жасалып, кандидатқа «тапсырған жоқ» деген баға қойылады. Теориялық емтиханды қайта тапсыруға үміткер кемі үш айдан кейін жіберіледі,
делінген бұйрықта.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…