Фото: instagram.com/olzhassydykbek_official
Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман бірнеше күн бұрын 73 жасқа толды.
Бірнеше жыл дерт меңдеген ақын «Таңшолпан» бағдарламасында, қазіргі денсаулығы жайлы айтып берді, деп хабарлады nur.kz.
Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Жүрсін Ерман арбаны тастап, аяққа тұрған.
«Шетелге де, Астана мен Алматыға да барып емделдім. Алматыда «Жалын» деген зауыт бар екен. Тек Бақанастың күрішінің қауызынан капсула жасап шығарады екен. Тоғыз жыл зерттеп, дауа тапқан екен. Соның басшысына бір шал аян беріп, «Дәріңді Жүрсін Ерманға апарып бер. Соған ем болады» деп айтты деді де, әкеліп берді. Соны ішкелі қан қысымым түсіп, қан құрамынан қант азайып, аяғымды бастым. Таяғыма сүйеніп, ептеп жүремін. Қанша халық маған тілектес болып, саулығымды тіледі. Соның да бір әсері тиген шығар деп ойлаймын», – деді айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.
Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.
Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…