Жұрт жұлдыздардың қатысуымен өткен соңғы қоңырауды талқылауда

Желіде Қазақстандағы мектептердің бірінде соңғы қоңырау кешінің дүркіреп өткен сәті тарады. Онда эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен. Бұл видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. 

Желі қолданушылардың айтуынша, бұл концерт Тараздағы №17 мектепте өткен. Бұл шараны түлектердің ата-анасы немесе мектеп ұжымы ұйымдастырмаған. Қазақ күресінен атағы шыққан Бейбіт Ыстыбаев осы мектепті бітіргеніне 20 жыл болған. Желі қолданушылардың айтуынша, өнер иелері Қазақстан барысы чемпионының шақыруымен келген. 

Бұл ақпаратты Massaget.kz тілшісіне спортшы Бейбіт Ыстыбаев растады. Оның айтуынша, ол мектеп ұжымына сыйлық жасағысы келген. 

Мен Ғани Мұратбаев мектебінде оқығанмын. Ондай концерттің болатынын мектеп директоры да, сыныптастарым да білген жоқ. Биыл бітіріп жатқан түлектерге, мұғалімдерге, сыныптастарыма тосынсый болсын деген ниетпен ұйымдастырдық. Соңғы қоңырауда өнер көрсеткен жұлдыздар — ағаларым, бауырларым. Желіде «ақша төлеп шақырыпты, ата-аналардан ақша жинаған» деген ақпарат тарап жатыр, олай емес. Бәрін өзім ұйымдастырдым. Ауылдан 6 жасымда көшіп келгеннен бастап, 1-11 сынып аралығында оқыған мектебіме, биыл бітіретін түлектерге қуаныш сыйлағым келді. Бәрі таңғалды. Орталық стадионда, қалаға концерт берейік деген ұсыныстар да болоды. Бірақ маған абырой, мақтану емес, жай ғана көңіл сыйлау еді,  

деді ол.

Видеода МузАРТ тобын, Әділет Жауғашар, Нұрболат Абдуллин сынды өнер жұлдыздарын көруге болады. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago